Семейде оқушыны аяусыз тепкінің астына алған жасөспірімдер арнайы мектепке жіберіледі
Фото: Elements.envato.com
Семейде оқушыны аяусыз тепкінің астына алған жасөспірімдер арнайы мектепке жіберіледі. Бүгін кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиғаға қатысқан барлық жасөспірімдер девиантты мінез-құлықтағы балаларға арналған арнайы мектепке жіберіліп, түзету курсынан өтеді. Оларға психологтар көмек көрсететін болады. Сонымен қатар, үш жасөспірімнің әке-шешесі ата-ана құқығынан айырылып, екі балаға қатысты қамқоршылық тоқтатылды.
«Құқықбұзушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Материалдар одан әрі қарау үшін сотқа жолданды», деп мәлімдеді полиция оқиғаға қатысты.
Еске сала кетсек, күні кеше бір топ жасөспірім төменгі сынып оқушысын аяусыз соққыға жыққан болатын. Жәбірленушіге жасалған зорлық-зомбылық бейнеленген видео әлеуметтік желілерде тарады. Кадрларда жасөспірімдердің баланы теуіп, басынан ұрып, тіпті үстіне секіргені анық көрінеді. Полиция аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қазіргі уақытта зардап шеккен оқушы арнайы орталықта. Онымен психологтар мен бала құқықтары жөніндегі уәкіл жұмыс істеуде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық