Семейде сәбиді қоқыс жәшігіне тастаған күдіктілер әлі қамалмаған
Фото: freepik.com
Семейде қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің мәйіті табылды. Әлеуметтік желіде күдіктілердің полицей екені туралы ақпарат тарады. Абай облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
3 ақпанда Семей қаласында Әуезов полициясының кезекші бөліміне қоқыс жәшігінен сүлгіге оралған жаңа туған нәрестенің мәйіті табылғаны туралы хабар түскен. Ведомство сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктілер анықталғанын мәлімдеді.
Алайда кейбір әлеуметтік желі қолданушылары күдікті құқық қорғау органдарында жұмыс істейтінін, сондықтан оларды қамауға алмағанын айта бастады. Бұл ақпаратқа Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Олар «күдікті — полиция қызметкері» деген ақпаратты жоққа шығарды.
«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жүргізіліп жатыр. Содан кейін тиісті процессуалдық шешім қабылданады. Ешкім жауапкершіліктен қашып кете алмайды. Кінәсі дәлелденген әр адам лайықты жазасын алады», — деді полициядағылар.
Бірақ күдікке ілінгендер әлі уақытша ұстау изоляторына қамалмапты. Полиция қосымша тергеу әрекеттері жүргізілетінін айтты.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық