Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты
Фото: freepik.com
Семейде өзен жағасында балық аулап отырған 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім ұрып кеткен, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға 4 шілде күні Ертіс өзенінің бойында болды. 12 жастағы баланы 14-15 жас аралығындағы жасөспірімдер ұрып кеткен. Алдымен олар балық аулап отырған балаға тас лақтырып, содан кейін баланы суға итеруге тырысқан.
«Ол жүгіріп қашты. Балалар оны қуып жетті. Ол балаларды қармақпен ұра бастады. Олар қармақты сындырып, тепкілей бастады. Баланың білегі сынған, жамбасы көгерген», - деді жәбірленушінің әпкесі.
Осы жағдайға байланысты жасөспірімді ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл туралы Абай облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Эльзира Солтабаева айтты. Өңірлік балалар омбудсмені баланың анасымен байланыста екенін мәлімдеді.
Еске салайық, ақпан айында Семейде жасөспірімдер оқушыны аяусыз тепкінің астына алған еді. Кейін жасөспірімдер арнайы мектепке жіберілді. Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. Нәтижесінде жасөспірімдер әлімжеттік көрсеткен 6-сынып оқушысына халық 24 млн теңге жинап берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық