«Сатираға байланысты емес»: Полиция QazNews24 паблигінің авторы не үшін қамалғанын айтты
Фото: Инстаграм/qaznews24
Алматы полиция департаменті QazNews24 паблигінің авторы Темірлан Еңсебекке қатысты қылмыстық іс туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Полицияның мәліметінше, Темірланның ұсталуы сатиралық жазбаларына қатысты емес екен. Қылмыстық істің себебі – ұлтаралық араздық қоздыру және этностардың бірінің өкілдерін қорлау белгілері бар материал жариялау болған.
«Бұл біздің көпұлтты елімізде, конституцияға сәйкес, ешкім де шығу тегі, ұлты, тілі, діні немесе басқа да себептер бойынша кемсітуге ұшырамауы тиіс. Бұл қоғамда мүлдем жол берілмейтін жағдай», деп мәлімдеді полиция.
Полицейлер іс Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 174-бабы (әлеуметтік, ұлттық немесе діни араздықты қоздыру) бойынша қозғалғанын айтты. Ал Темірлан Еңсебекті қолдаған бірнеше азамат рұқсат етілмеген пикет өткізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Полиция заңды бұзуға жол берілмейтінін ескертті. Сонымен қатар тергеу органдары Темірлан Еңсебектің өзінің инстаграм парақшасында жариялаған әннің авторларын анықтаумен айналысып жатыр екен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық