Сәтбаевтағы экологиялық жағдай туралы премьер-министрге есеп берілді
Фото: Ольга Ибраева. Orda.kz
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Сәтбаевтағы экологиялық жағдайды жақсарту шаралары туралы премьер-министр Олжас Бектеновке есеп берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол Қазақстан Үкіметі отырысында сөз сөйлеп, 10 қаңтардан бастап төртінші қазандықты іске қосқанын мәлімдеді. Бұл қазандық эмульгатормен жабдықталған.
«Қысқы жылыту маусымынан кейін қалған үш қазандыққа да эмульгатор орнатылады», деді Рыспеков.
Аймақтық билік сонымен қатар көмірді ауыстыру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұған дейін «Молодёжный» карьерінен 40% күл болатын көмір пайдаланылса, қазір «Қаражыра» карьерінен күл мөлшері аз болатын көмір (15-19%) келіп жатыр.
Үш эмульгатор орнатылғаннан кейін ТЭЦ қуатының төмендеу қаупі бар.
«Бұл мәселелерді шешу үшін бізде ТС-2 (өнеркәсіптік мақсатта) бар. ТС-2 қуатын келесі жылыту маусымында Сәтпаев қаласына бағыттаймыз, ал «Қазмырыш» тарапынан өз қажеттіліктеріне арналған модульдік қазандықтар орнатылады. Газдандыру бағдарламасы аясында 2027 жылға дейін Сәтпаевқа газ жеткізіліп, жылу қажеттілігінің шамамен 30%-ы азаяды», деп қосты ол.
Айта кетейік, Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында ауаның ластығынан тіпті қардың өзі қарайып кеткенін жазған болатынбыз.
Жаңалықтар
- Алматы көшесінде қолының қаны сорғалап жүрген адам жұрттың зәресін алды
- Еш жерде жұмыс істемей, жұртты бопсалап, уыс-уыс ақша шашып жүргендер сотталды
- Қазақ поэзиясының нәзік лирикасы — Күләш Ахметованың туғанына 80 жыл
- Филиппиннің экс-президенті 76 адамды өлтіруге қатысы бар деп айыпталды
- Танысын балталап өлтіріп, мәйітін кереуеттің астына тығып қойған әйелге үкім шықты
- Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысып, ағаш отырғызды
- Макрон Еуропаны «оянуға» шақырып, Ресей, Қытай мен АҚШ қарсылығын еске салды
- Ату жазасы АҚШ-та өлім жазасын орындау тәсілі ретінде қайта енгізілді
- Абай облысында жүргізушіге ескерту жасаған шекарашыны ұрып кетті
- Ақ үй Уиткофф пен Кушнердің Пәкістанға бет алғанын растады
- Талдықорғанда асханада болған жанжал әйел өлімімен аяқталды
- Алматының арықтары нөсер жаңбырды ағыза алмайды, әкімдік не дейді?
- Түркістан облысында турнирге бара жатқан балалар жолда опат болды
- Алматыда оқушы мектепке балта көтеріп келіп, оны адамдарға қарсы қолданбақ болған
- Астанада автобуста жолаушы ана мен балаға тап беріп, балағаттады
- Лобода мен Қайрат Нұртас бірлесіп трек жазды
- Бұрынғы Оңтүстік Корея президентіне 30 жыл түрме жазасы сұралды — БАҚ
- 52 адамның пойызда уланғанына байланысты көлік министрі жаңа ақпарат берді
- Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады
- Пашинян: «Бұл әрекет айқын арандатушылық». Ереванда Түркия туын өртеді