Сарыағашта даун диагнозы бар баланы ұрған маман жұмыстан қуылды
Фото: Бейнеден кадр
Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы «Ақылды бала» түзету орталығында балаға күш көрсеткен маман жұмыстан қуылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиғаның мән-жайын облыстық білім басқармасы анықтап, маманды жұмыстан босату туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, баланың анасы қызметкерге кешірім берген. Бірақ басқарма оның әрі қарай жұмыс істеуі орынсыз екенін мәлімдеді.
Сонымен қатар Түркістан облыстық полиция департаменті бұл қылмыс бойынша іс қозғап, тергеу амалдарын бастады.
13 жастағы Еркебұлан Жақыбай – даун диагнозы бар оқушы. Ол Сарыағаш қаласындағы «Ақылды бала» оңалту орталығына барады. Бұған дейін әлеуметтік желіде сурет пәнінен сабақ беретін мұғалімнің Еркебұланды аяғынан ұстап сүйреген бейнежазбасы тараған еді.
Айта кетейік, Түркістан облысында мүгедек жігітті бір топ құрдасы пышақтап өлтірген еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық