Сара Алпысқызының тірі екені қаншалықты рас?
Фото: nazarbayev.kz
Қазақстанның тұңғыш ханымы Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпарат қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Алайда бүгін денсаулық сақтау министрлігі бұл мәліметті растаған жоқ, деп хабарлайды Orda.kz.
Жағдайдың анығын білу мақсатында журналистер Сара Алпысқызының ем қабылдап жатқаны туралы сұрақты Денсаулық сақтау вице-министрі Ардақ Амангелдиевке қойған.
«Жоқ, мен бұл туралы ештеңе растай алмаймын. Бұл — медициналық құпия, жеке адамға көрсетілген медициналық көмекке қатысты», — деді Ардақ Амангелдиев.
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек те бұл сауалға үнсіз қалмады. Оның айтуынша, бұл оқиға көп адамның көңілінде сұрақ ұялатады.
«Бұл бір сондай қызық оқиға болды. Қарапайым адам. Экс-президентіміздің бұрынғы әйелі болса не бопты? Бұл қалыпты жағдай. Егер қайтыс болса оны хабарлауымыз керек, тірі болса оны да хабарлауымыз керек. Неге өкілетті органдар халыққа ақпарат бермей тұр? Егер Сара Алпысқызы тірі болса неліктен өзі халықтың алдына шықпайды? Бұл жерде сұрақ өте көп», – деді Бақытжан Базарбек.
Сондай-ақ, ол Қазақстанның әр азаматының өлімі мәртебесіне қарамастан жариялану керек екенін айтты.
«Бұл жерде бір себептер бар болуы керек. Яғни, мәлімдеме жасағысы келмейтін бір себептер. Мен бұл қандай себеп екенін білмеймін. Егер тірі болса мемлекеттік органдар тірі екенін хабарлауы керек, егер бақилық болса оны да айтсын», – деп қорытындылады мәжіліс депутаты.
Еске салайық, 14 мамыр күні Orda оның қайтыс болғаны жөнінде алғаш болып хабарлады. Алайда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
16 мамырда Алматыда таңертеңнен бастап Дулати көшесі жабылды. Әр 200 метр сайын полиция қызметкерлері тұрды. Мәселенің мән-жайын білу үшін резиденция маңына барған Orda тілшілерінен полиция түсірілген барлық материалдарды өшіруді талап етіп, кейін оларды Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық