«Самұрық-Қазына» қорына қарасты компания басшылары 7,7 млрд теңге сыйақы алды
Фото: «Самұрық-Қазына» АҚ
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына қарасты компаниялардың топ-менеджерлері 2025 жылы жалпы көлемі 7,7 млрд теңге болатын сыйақы алған, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгермеген. Өткен жылы да қор мен оның еншілес ұйымдарының басшылары шамамен осындай көлемде – 7,7 млрд теңгеге жуық сыйақы алған болатын.
Аталған қаржы қордың жиынтық кіріс туралы есебінде жалпы және әкімшілік шығыстар құрамында көрсетілген. Топ-менеджерлерге төленетін сыйақы негізінен еңбек келісімшарттарында белгіленген жалақыдан және операциялық нәтижелерге қол жеткізгені үшін берілетін қосымша төлемдерден құралады.
Қаржылық есептілікке сәйкес, 2025 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған есепті кезең бойынша қордың және оның еншілес компанияларының Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелеріне төленген жалпы сыйақы 7 684 882 мың теңген болған. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 7 686 909 мың теңге болды.
Қордың Директорлар кеңесін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектенов басқарады. Кеңес құрамына SKAI жасанды интеллект бағытының директорын қоса алғанда, барлығы 7 адам кіреді. Ал Басқарма құрамында Нұрлан Жақыпов жетекшілік ететін 6 адам бар.
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы Қазақстан экономикасының негізгі секторларын қамтиды. Олардың қатарында мұнай-газ және көлік-логистика салалары, химия және атом өнеркәсібі, тау-кен кешендері, энергетика және жылжымайтын мүлік бағыттарындағы ірі кәсіпорындар бар.
Атап айтқанда, қор құрамына «ҚазМұнайГаз», «Қазатомөнеркәсіп», KEGOC, «Қазақстан Темір Жолы», «Эйр Астана», «Қазпочта», «Самұрық-Энерго», «Самұрық-Қазына өңдеу», «Тау-кен Самұрық» және басқа да ірі компаниялар кіреді.
Айтпақшы, жыл басында мәжіліс депутаты Азат Перуашев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Нұрлан Жақыповтың үш жыл ішінде іс жүзінде миллиардер (805,9 млн теңге) болып кеткенін сынға алған болатын.
Оның айтуынша, мұндай табыс жеке бизнесте қалыпты көрінеді, оның үстіне қоғам кәсіпкердің табысына қуанып, қолдайды. Бірақ мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтін адам туралы сөз болғанда, бұл жөнінде сұрақтың туындау заңды, деп пікірін білдірген депутат.
Жалпы алғанда, қор басшылығына төленетін сыйақы көлемінің тұрақты деңгейде сақталуы компаниялар тобының қаржылық және басқарушылық саясатындағы сабақтастықты көрсетеді.
Жақында президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады. Мемлекет басшысына Қордың биылғы бес айдағы жұмыс қорытындылары және орта мерзімді кезеңге арналған даму жоспары туралы есеп берілді.
Нұрлан Жақыпов 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қор басқаруындағы активтер 88 миллиард доллар болғанын айтты.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық