Сақтардың қаруы — ақинақ табылды
Фото: Қарғанды облысының әкімдігі
Ахеологтар Қарағанды облысынан сақ кезеңіне жататын темір қанжар тапты.
Бұл туралы Қарағанды облысының баспасөз қызметі хабарлады.
Жаздан бері қызу жүргізіліп жатқан археологтардың жұмысының нәтижесінде темір қанжар мен түрлі рәсімдерге арналған ыдыстар табылды.
«Бұл таңқаларлық дүние. Себебі темір топырақ астында қалып қойса, дұрыс сақталмайды. Бұл жерде жағдай оңтайлы болған сияқты. Бұл қанжар – скиф-сақ триадасына кіретін пышақ қаруы. Біздің дәуірімізге дейінгі III–II ғасырлардағы қанжар, сақ дәуірінен ғұн-сармат кезеңіне өту уақытына жатады. Ақинақтың ыңғайлы тұтқасы, түзу крест, қисық шыңы және қан ағызатын ойығы бар», — деді «Археологиялық зерттеулер» ЖШС директоры Ерлан Әміров.
Ерлан Әміровтың сөзінше, қорғандарды зерттеу түрлі рәсімдердің қалай өткенін және халықтың тұрмыстық жағдайын, әлеуметтік теңсіздіктерді бағамдауға мол мүмкіндік береді. Мысалы, аумағы өте үлкен қорғандармен қоса орташа және шағын қорғандар да табылды. Археологтар марқұмның қаншалықты бай болғанына қарай, мәртебесіне қарай қорғандары биік әрі көлемді болады деп болжап отыр.
«Талдыда ғұн, сармат дәуірінің ескерткіштері (б.з.д. III ғасырдан б.з.д. III ғасырға дейін) ежелгі сақ қорғандарына байланысты есептейміз. Біз бұл гипотезаны қазба жұмыстары барысында анықтаймыз. Қосалқы қорғандарда жерлеу сирек кездеседі. Біз қола қазандық пен темір найза ұшын таптық», — деді Ерлан Әміров.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық