Сайранда 18 жастағы жігіт суға батып кетті
Коллаж: Orda.kz
Сайран көлінің батыс жағалауында 18 жастағы жігіт суға кетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға жайлы бізге оқырмандар хабарлады.
«Батыс жағалауда мәйіт жатыр. Бәрін қоршап тастаған» деп жазды куәгерлер.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жұмыс істеп, іздестіру шаралары да жүріп жатыр.
«Су ішінде кәмелетке толмаған екі жасөспірімнің болғаны анықталды. Олардың бірі өз күшімен жағаға шыққан. Ал екіншісінің тағдыры әзірге белгісіз, деп жазылған хабарламада.
Ресми түрде Сайран көлінде шомылу маусымы әлі басталмағанымен, суға түсіп жүрген ересектер мен балаларды көзіміз шалды. Жақында көл жағалауы абаттандырылды. Тіпті әжетханалар да қойылған (әзірге істемейді). Алайда шомыламын дегендерге ең басты мәселе – судың тазалығы болып тұр. Көлге және оған құятын Үлкен Алматы өзеніне түрлі лас нәрселерді төгіп, қоқыстарды тастағандықтан Сайрандағы су сапасы бұрынғыдан да нашарлап кеткен.
Әдеттегі және бұған дейінгі жөндеу жұмыстарын жасағанда билік өкілдері суды ластауға жол бермейміз деп уәде берген еді. Orda.kz тілшісі өзеннің бойымен жүріп, бұл уәденің қаншалықты орындалғанын тексеріп көрді. Толығырақ материалымыздан оқыңыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық