Саясат Нұрбек президентке жаңа Конституцияның білім мен ғылым саласындағы әлеуеті жайында баяндады
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Президентке ведомство қызметінің басым бағыттары мен ғылым және жоғары білім салаларындағы стратегиялық бастамаларды жүзеге асыру барысы баяндалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан Республикасы білім министрі Саясат Нұрбек президентке жаңа Конституцияның білім және ғылым салаларындағы әлеуеті жайында мәлімет берді. Сонымен қатар адам капиталын дамытатын экожүйе құру шаралары мен таланттарды үздіксіз қолдау тетігін таныстырды. Сала басшысы еңбек нарығын зерттеу нәтижелері мен 2030 жылға дейінгі мамандарға сұраныс болжамын ұсынды.
Сондай-ақ ол жоғары білімнің қолжетімділігін кеңейту шараларына, соның ішінде «Келешек» механизмі мен саланы қаржыландырудың жаңа моделін енгізуге баса назар аударылатынын айтып өтті.
Мемлекет басшысына AI-Sana ұлттық қозғалысын ілгерілету және AI-Enabled University индустрия университетін іске қосу жайында баяндалды. Жаңа типтегі бұл жоба білім беру мен өндіріс үдерісіне жасанды интеллектіні пайдаланады.
Президентке еліміздегі инновациялық кластерлер мен ғылым қалашықтары сияқты ғылыми-өндірістік аймақтарды құру жоспары туралы айтылды. DeepTech пен күрделі өндірістерді дамыту моделіне көшу жүйелі түрде қолға алынғанын жеткізді.
Министрдің айтуынша, мұнда жоғары оқу орындары мен облыс әкімдіктерінің өзара байланысы айрықша мәнге ие. Бұл технологиялық міндеттер мен келешегі зор бағыттарды анықтауға жол ашады. Аталған механизм аясында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізіледі, өнеркәсіп үлгілері жасалып, өндіріс іске қосылады.
Ғылыми саясатты жетілдіруді көздейтін реформалар жалғасып жатыр. Министрлік ғалымдарды мемлекет тарапынан қолдауға, гранттар мен сыйлықтар беруге, ғылыми тағылымдамаға жіберуге, сондай-ақ жас ғалымдарды баспанамен қамтуға ерекше мән береді.
Мемлекет басшысы министрдің баяндамасын тыңдап, жоғары білім сапасын арттыру, ғылыми зерттеулерді дамыту және оларды коммерцияландыру, инновациялық қызметті ынталандыру, инфрақұрылым мен шетелдік университет филиалдарының жұмысын жетілдіру бойынша бірқатар тапсырма берді.
Оқи отырыңыз:
- Сауд Арабиясы Корольдігінің елшісі Тоқаевтың Таяу Шығыстағы күрделі жағдайда көрсеткен нық әрі дәйекті қолдауына алғыс білдірді
- 15 жастағы қазақстандық футболшы «Барселонамен» келісімшартқа қол қойды
- Полиция қызметкеріне қол көтергендер қатаң жазаланады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық