«Садақа — мансап құралы емес»: Перизат Қайраттың сотында прокурор айыптау қорытындысын оқыды
Фото: Orda.kz
Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қайырымдылық қорына жиналған қаражатты жымқыру ісі бойынша айыпталған Перизат Қайратқа қатысты сот процесі аяқталып қалды. Бүгінгі сот отырысында прокурор Мәдина Оразалина айыптау қорытындысын оқыды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оразалинаның пікірінше, айыпталушы жеке пайда табу үшін меценат әрі қоғам белсендісінің имиджін қолданған.
«Бүгін біз белгілі қоғам қайраткері Қайрат Перизат пен оның анасы Алашбаева Ғайнидың қылмыстық ісі бойынша сот отырысының қорытындысын шығарып жатырмыз. Бүгінгі сөзімді «Ізгілік бетпердесі» деп атау ойыма келді. Мен оны қазақ халқына, кең пейіл, ар-ожданы мол халыққа деген алғыспен бастағым келеді», – деді мемлекеттік айыптаушы.
Мәдина Оразалина Перизаттың ісін алаяқтықтықтан бөлек, «аманат, адалдық, қайырымдылық деген қасиетті ұғымдарға опасыздық» деп бағалады.
«Садақа — мансап құралы емес. Ол әмиян немесе бренд зат емес, халықтың аманаты. Ал аманатқа қиянат жасағандар ерте ме, кеш пе анықталады», — деді прокурор.
Мемлекеттік айыптаушы «қайырымдылық» сөзін өз пайдасы үшін жасырғысы келетіндерге ескерту жасап, халық енді үнсіз қалмайтынын, мемлекет көзін жұма қарамайтынын, ал сенім шексіз еместігін баса айтты.
Айта кетейік, Астанада автобус апатынан соң аяғынан айырылған қыз үйіне шығарылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық