Роза Рымбаева мен Сәкен Майғазиев түскен бейнежазба тексеріліп жатыр
Әлеуметтік желіде қазақстандық жұлдыздар түскен бейнежазба пайда болды. Қазір оны Алматыдағы мониторингтік топтардың бірі тексеріп жатыр, деп хабарлады Orda.kz.
Кадрлардан мереке жас жұбайлардың үйлену тойына арналғанын көруге болады. Іс-шараға қатысушылар арасында Роза Рымбаева, «МузАрт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев және КешYOU тобының экс-әншісі Айдана Меденова болды.
Әнші Сәкен Майғазиев жас жұбайларға тілек айтып тұрып, коронавирус эпидемиясы туралы сөз қозғады.
– Жаман індет жерге енсін. «Сәуір болмай, тәуір болмайды» дейді. Сәуірден бастап тәуір күндеріміз бастала берсінші, - деді әнші видеода.
Әншілердің өздері видео «ескі болуы керек, есімде жоқ» деп, ауыз толтырарлық ештеңе айтпады.
Ресми департаменттің хабарлауынша, қазір Алматының Алмалы ауданының бақылау тобы бұл фактіні зерттеп жатыр.
– Қазір біз мекеме әкімшілігімен іс-шаралардағы бейнематериалдардың архивін зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, - деді мониторинг тобының өкілдері.
Жаңалықтар
- АҚШ-та ЖИ арқылы қатерлі ісікті анықтау жүйесін әзірлеген қазақ баласы марапатталды
- Алматыда «Абай ұлттық мектебі» жаңа кампусы таныстырылды
- Елімізде жусаннан болатын аллергияға қарсы дәрі жасалды
- Алматыда қаланың бас жоспары мен тұрғындар мүддесі сай келмей жатыр
- ДДСҰ Африка елдеріндегі эбола індетін халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп жариялады
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай құттықтау хаттары толассыз түсіп жатыр
- Алматы индустриялық аймағында жаңа жұмыс орындары ашылды
- ШҚО-да «Ғасырлық дәстүрлер» фестивалінде екі әлемдік рекорд тіркелді
- Maxi шай курьерлері жалақының төмендігі мен басшылық қысымы туралы мәлімдеді
- Елімізде жасанды жаңбыр жаудыру қолға алынады
- Украинада әскери тұтқын мәртебесі бар 12 қазақстандық отыр
- Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
- Түркістанда жаңа Яссауи ғылыми-зерттеу институтының капсуласы салынды
- Сұраныс өскен сауда көзі: Mercedes-Benz әскери техника өндірісін бастауы мүмкін
- Астанадағы LRT жүйесінің екінші желісі Қосшыға дейін тартылады
- Президенттің «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру» туралы жаңа Жарлығы күшіне енді
- Президент Astana LRT жұмысын іске қосты
- Африкада Эбола вирусы өршіп, 80 адам қаза болды
- Си Цзиньпиннің шақыруымен Владимир Путин 19–20 мамыр күндері Қытайға ресми сапармен барады
- Қазақстанда Түріктің барлау жүргізіп, соққы жасайтын «ANKA» дрондары жасалады