Ресейліктердің Қазақстаннан әскери ұшақтарды ұрлағаны белгілі болды
Фото: Pexels
Қазақстаннан ондаған ұшақ ұрланды. Дереккөздің мәліметінше, бұған тікелей Кремльдің қатысы бар, деп хабарлайды Orda.kz.
Украиналық Defense Express басылымы ресейліктердің Қазақстаннан әскери ұшақтардың қалай ұрланғанын әшкереледі. Мақалада сипатталған оқиғалар 1992 жылы болған.
«Ресейліктер Қазақстаннан 40-қа жуық Ту-95МС ұшағын алдап-арбап алып кеткен. Сол кездегі Ресейдің қарулы күштеріндегі дәл осындай ұшақтар санынан Қазақстан ұшақтары 1,5 есе көп болған. Айта кету керек, бұл оқиға көпшілікке беймәлім болып қалған. Себебі ресейліктер ізін жасырып үлгерген» деп жазылған мақалада.
1992 жылы ақпанда Ресейде Ту-95МС бомбалаушы ұшақтарын сериялық өндіру тоқтатылған болатын. Оларды Құйбышев авиациялық зауытында құрастыратын. Бірақ ол кезде жаңа ұшақтар шығаратын ресурстар қалмаған еді.
Сол кезеңде Ресейдің қарулы күштерінің авиапаркінде 22-ден 27-ге тарта Ту-95МС ұшағы тұрды. Сондай-ақ, 45 Ту-95К-22 ұшағы (Х-22 зымырандарын тасымалдаушы) және жеті оқу-жаттығу мақсатындағы Ту-95К болған.
«Қызығы, сол кезде ең үлкен Ту-95МС атты 40 ұшақ дәл Қазақстанда болған. Оның 27-сі МС-16 нұсқасына (зымырандарды сыртқа орналастыруға болатын). Ал 13-і МС-6 нұсқасына (бомба бөліміне ғана орналастыруға арналған) ұшақтар еді. Біздің елде сол уақытта 21 Ту-95МС МС-6 нұсқасы болған» деп жазады авторлар.
Ол кезде Қазақстандағы барлық Ту-95МС ұшағы 79-шы ауыр бомбалаушы авиациялық дивизия құрамына кірген. Алайда Қазақстан бұл ұшақтарға толық бақылау жүргізе алмай, ол Мәскеудің пайдасына шешілген.
Еске сала кетсек, бұған дейін Orda.kz қазақстандық қыздарды Ресейдің соғыс дрондарын құрастыруға қалай шақыратыны жайлы жазған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық