Ресейлік БАҚ қазақ тарихшысын «Гитлерді ақтады» деп айыптады
Фото: ашық дереккөздерден
Ресейлік БАҚ «Қазақстанның жаңа тарихшылары: Гитлер қазақтарды кеңестік қырғыннан құтқарды» деген даулы тақырыппен мақала жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Онда Қазақстанда «нацизмді ақтайтын идеялар таралуда» деген айыптар айтылған. Мақала авторлары Telegram-дағы Redkazakh арнасына сілтеме жасап, журналист Майя Бекбаеваның бағдарламасына қатысқан тарихшыны «Гитлерді насихаттады» деп көрсеткен.
Арна жазбасында «қазақстандық тарихшылар Германия соғысы қазақтарды Сталиннің коллективизациясынан сақтап қалды» деген пікір айтылғаны жазылған.
Алайда бұл — бұрмалау. Түпнұсқадағы «Қазақтар – қырғыз емес!» атты бейнежазбада ондай мәлімдеме жоқ. Тарихшы Марат Әбсеметов сұхбат барысында Сәкен Сейфуллиннің өміріндегі беймәлім деректерді, тарихтың ашылмаған беттерін, Алашорда қайраткерлерінің рөлін және тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған тұлғалардың тағдырын әңгімелейді. Оның сөзінде нацизмді ақтау жоқ, керісінше кеңестік жүйенің зұлматы мен ұлттың аман қалу тарихы айтылады.
Тарихшының бір ғана ойы контекстен жұлынып, мүлде басқа мағынада көрсетілген.
«Бір майдангердің сөзі есімде: егер 1941 жылғы соғыс болмағанда, қазақ халқы аштықтан не қуғыннан қырылар еді. Қанша ауыр естілсе де, соғыс басталғанда бәрі майданға кетіп, елде бір сәт тыныштық орнағандай болды», – деді Әбсеметов.
Еске сала кетейік, Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Әкежан Қажыгелдин 2007 жылы әкесінің қазасына байланысты елге жасырын келгенін мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық