Әкежан Қажыгелдин Қазақстанға жасырын келгенін айтты
Фото: centralasia.media
Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Әкежан Қажыгелдин 2007 жылы әкесінің қазасына байланысты елге жасырын келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Азаттық радиосына берген сұхбатында ол сол кезде Қырғызстан мен Ресейдің көмегімен Қазақстанға кіріп, әкесін соңғы сапарға шығарып садып, түнде қайта Еуропаға ұшып кеткенін айтты.
«Қырғызстан мен Ресей көмек көрсетіп, жасырын барып, өзімнің қызметімді атқарып, түнделетіп Ресей арқылы қайта Еуропаға ұшып кеттім», — деді Қажыгелдин.
Саясаткер кейін бірнеше рет бұрынғы ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаймен сөйлескенін және елге кіруде ешқандай бақылау болмағанын атап өтті.
Қажыгелдин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ресми өтініш жолдамағанын және Қазақстандағы сот шешімін мойындамағанын айтты. Ол бұл шешімді АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия мен Италия да мойындамағанын еске салды.
Сонымен қатар, саясаткер туған жерге деген сағынышын жасырмай, ана тілінде хат жазып, оқитынын, бірақ сөйлесуге әлі де жаттығу қажет екенін жеткізді.
«Алыста жүргенде ең бірінші өз тіліңді сағынасың», — деді Қажыгелдин.
Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің «Российская газета» басылымына сұхбат беріп, тіл саясатына тоқталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық