Ресейде «қазақ қыздарын бағындырамын» деген «пикаперге» қылмыстық іс қозғалды
Фото: инстаграм Алекса Лесли
Әйелдерді «бағындыруға» үйретемін деп танылған ресейлік блогер Алекс Лесли (шын аты — Александр Кириллов) енді қылмыстық жауапкершілікке тартылғалы жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
25 маусымда Мәскеудің тергеу комитеті оған зорлыққа итермелеу бабы бойынша іс қозғалғанын хабарлады.
Тергеу нұсқасына сенсек, Лесли өз «оқырмандарына» әйелдерге қарсы жыныстық сипаттағы әрекет жасауға кеңес беріп, мұны бейнежазбаларында көрсеткен. Қазір тергеушілер болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Алекс Лесли есімі Қазақстанда да талай дауға себеп болған. 2022 жылы ол Алматыда әйелдерді бағындыруға арналған тренинг өткізетінін жариялап, жұрттың ашуын туғызған. Артынша «қазақ қыздарына мобилизация жариялаймын» деп елге келуге тырысқан.
Алайда Қазақстан билігі оның елге кіруіне бір жылға тыйым салды.
The Insider басылымының жазуынша, Лесли тренингтерінде ерлерге көшеде бейтаныс қыздарға тиісіп, қол жүгіртіп, интимдік ұсыныс жасауға дейін кеңес берген.
Әлеуметтік желілерде оның құрбандарының бейнежолдаулары таралып жатыр. Олар басынан өткен жағдайды айтып, басқа қыздарды мұндай әрекеттерге қарсы тұруға үндеп, флешмоб бастаған.
Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздегі белгілі «ZTB» атты БАҚ-тың негізін қалаған Марғұлан Тұрсынов орыс халқына деген ерекше ықыласын ашық айтқан еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық