«Орыстар әлдеқайда ақылдырақ, оларсыз өмір сүру қиын» – Марғұлан Тұрсынов
Фото: instagram/ margulan_tursynov
Белгілі БАҚ-тың негізін қалаған Марғұлан Тұрсынов орыс халқына деген ерекше ықыласын ашық айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
ZTB медиасының негізін қалаған Марғұлан Тұрсынов соңғы уақытта елде орыстарға қатысты ұлтшылдық күшейіп жатқанын айтып, оларға деген ерекше ықыласын білдірді.
«Мен көп мәселе бойынша соларға жүгінемін: техника жөндеу, көлік, дизайн, бухгалтерия... Себебі олар әлдеқайда білімді, әлдеқайда жауапты және тұрақты деп есептеймін. Ашығын айтсам, оларсыз күнделікті тұрмысымда маған өте қиын болады» деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Тұрсынов қай ұлтпен салыстырғанда орыс ұлтының бәсі жоғары болып тұрғанын ашық айтпады.

Алайда арада көп өтпей, Тұрсынов сол жазбасын өшірді. Кейін ол өзінің ойын дұрыс жеткізе алмағанын айтып, қазақ халқынан кешірім сұрады.
«Мен өз халқымның патриотымын. Айтайын дегенім, біз әлеуметтік өмірде орыстардан үйренетін дүниелер аз емес. Ұлтаралық араздықты қоздырмай, керісінше, әр азаматты сыйлай білейік» деп түзеді ол кейінгі жазбасындағы ойын.
Бір сағаттан кейін Тұрсынов тағы бір жазба жазып, қазақтардың шап беріп, өсек аянға кірісетіндерін атап көрсетті. Сондай-ақ, журналист соқыр патриоттықты қойып, өзімізге баға беруді үйрену керектігін айтты.
«Біз сондай іскер болсақ, неге үйімізді өзбектерге салғызамыз, көлігімізді орыстарға жөндетеміз, инфрақұрылымды қытайларға тәуелді етеміз? Абай атамыздың өзі қазақтың кемшілігін айтқан, біз неге өзімізді сыннан жоғары қоямыз?» деп жазды ол.


Марғұлан Тұрсыновтың орыстар жайлы жазған пікірі заң аясында тексерілуі мүмкін. Бұл туралы белгілі PR-маманы Айбар Олжай мәлімдеді.
Олжайдың айтуынша, Тұрсыновтың «олар әлдеқайда білімді, әлдеқайда жауапты және тұрақты» деген ойы— бір ұлтты екінші ұлттан жоғары қою болып саналады және бұл Гитлердің «арийлік нәсілдің үстемдігі» туралы фашистік идеологиясымен ұқсас.
«Бұл тұрғыда Марғұлан Тұрсынов ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабын — ұлтаралық араздықты қоздыру бабын — бұзуы мүмкін. Осыған байланысты мен Бас прокуратураға тиісті мәліметтерді тіркеп, арыз жолдадым. Прокуратура не өзі тексереді, не Ішкі істер министрлігіне жолдайды» деп жазды ол.
Еске сала кетейік, Өзбекстандық тарихшы қазақтардың «өз мемлекеті ешқашан болмаған» деп мәлімдеген еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық