Ресей 2030 жылға қарай автокөліктерге алкоқұлып орнатады
Фото: iphones.ru
Ресей үкіметі 2030 жылға дейінгі жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру стратегиясын іске асыру жоспарын бекітті, деп хабарлайды Orda.kz.
Құжатта жүргізушінің демінен алкоголь буы анықталған жағдайда қозғалтқыштың іске қосылуын бұғаттайтын жүйелерді әзірлеу және енгізу қарастырылған. Мұндай құрылғылар алкоқұлып деп аталады.
Құжатқа сәйкес, салалық ведомстволар мұндай жүйелерді қолдану критерийлерін анықтауы тиіс. Жобаны іске асыруға Ресейдің өнеркәсіп және сауда министрлігі, Росстандарт, көлік министрлігі, ішкі істер министрлігі және цифрлық даму министрлігі жауап береді.
Стратегия жүргізушінің жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін технологияларды да қарастырады. Атап айтқанда, олар ұйқышылдық белгілерін немесе жүргізушінің жолда алаңдауын анықтай алады. Сонымен қатар, қозғалыс жылдамдығын, жүргізу мәнерін және еңбек пен демалыс режимінің сақталуын бақылауға арналған құрылғыларды әзірлеу жоспарланып отыр.
Әзірге алкоқұлыптарды жаппай енгізу көзделіп отырған жоқ. Мұндай жүйелерді қолдану әртүрлі көлік түрлері мен тасымалдарды пайдалану кезіндегі ықтимал тәуекелдерге байланысты болады. Бұл шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларын азайтуға бағытталған.
Бұған дейін Ресей президенті Владамир Путин алкогольдік масаңдық белгілері бар жүргізушілерге қатысты рәсімдерді жеңілдететін заңға қол қойған болатын. Енді жол полициясы қызметкерлеріне жүргізушіні көлік басқарудан шеттету туралы бөлек хаттама толтырудың қажеті жоқ, тиісті белгі басқа процессуалдық құжаттарға енгізілуі мүмкін. Бұл өзгерістер қағазбастылықты азайтуға да мүмкіндік береді.
Оқи отырырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық