Ректор болу үшін 200 мың доллар төлеген Айман Мұсақожаева алаяқтарға жем болды
Фото: archive.np.kz
Қазақ ұлттық музыка академиясын 25 жыл басқарған скрипкашы Айман Мұсақожаева жылы орнын қайтарамын деп алаяқтарға ұрынды, деп хабарлайды Orda.kz.
37 жастағы Семей тұрғыны өзін “ҰҚК төрағасының інісі” деп таныстырып, 200 мың долларға Айман Мұсақожаеваны ректор лауазымына қайта орналастыруға уәде берген.
Сотталушы Арман Тәженов Айман Мұсақожаеваның күйеуінен әйелінің қызметін қайтару үшін әуелі 200 мың доллар, кейінірек тағы 100 мың доллар сұраған.
Алайда 2024 жылдың басында қызметінен босатылған скрипкашының лауазымы сол күйі қайтпады. Қомақты қаражат алаяқтың қалтасында кетті.
Арман Тәженов былтыр қарашада ұсталып, Алмалы аудандық сотында ісі қаралды. Мәдениет қайраткерін алдап соққан ер адам 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол қылмысын мойындады.
Атақты скрипкашы 1998 жылдан бастап Қазақ ұлттық музыка академиясын басқарды. Ол 2024 жылдың басында зейнетке шыққан еді.
Еске салайық, Қазақстандық рэпер Qurt деген лақап аты бар Дамир Қойшыбаев пен жұбайы Аружан Қойшыбаева татуласты. Бұған дейін Аружан Қойшыбаева күйеуінің ұрып-соққанын баяндап берген еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық