«Мен күйеуімді жақсы көремін»: Qurt-тың жұбайы зорлық туралы шағымын қайтарып алды
Фото: Бейнеден кадр
Қазақстандық рэпер Qurt (Дамир Қойшыбаев) пен жұбайы Аружан Қойшыбаева татуласты, деп хабарлайды Orda.kz.
Аружан Қойшыбаева бұған дейін күйеуінен қорлық көргенін, рэпер оны белдікпен ұрып-соққанын айтқан еді. Бірақ екеуі қайта татуласып, жәбірленуші ресми түрде шағымын қайтарып алды. Аружан Қойшыбаева күйеуін жақсы көретінін және оған арыз жазбайтынын айтты.
«Менің ешқандай шағымым жоқ. Маған ешкім қысым жасап жатқан жоқ. Бұл менің таңдауым. Менің менің жолыммен жүріп көріңіз. Мен сіздің жолыңызға қарайын. Мен осы оқиғада айтқан кейбір әртістер сотқа дейінгі шағымдарды жіберді. Бірақ қазір менің эмоционалды күйім мұның бәріне төтеп бере алмайды. Мен күйеуімді жақсы көремін», — деп жазды рэпердің әйелі.
Енді қазақстандықтар Қойшыбаеваны сынай бастады. Өйткені ол бұған дейін адвокат жалдауға деп халықтан жылу жинаған. Рэпердің әйелі желіде бұл іс-әрекетін түсіндірді.
«Сіздер адвокатқа деп өз еріктеріңізбен қаражат жинадыңыздар. Бұған сіздерді ешкім мәжбүрлемеді. Мен нақты қандай іске қаражат жинап жатқанымды айтқан жоқпын. Мен оларды тек адвокатқа деп жинадым, адвокат жалданды», — деді ол.
Айта кетейік, Шымкентте сүйіктісін өлтіріп, мәйітін қорлаған 19 жастағы жігіт сотталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық