Конституцияның жаңа жобасында экс-президенттердің өміріне қолсұғылмаушылық сақталған
Фото: gov.kz
Қазақстан Конституциясының жаңартылған жобасында елдің бұрынғы президенттерінің қолсұғылмаушылық мәртебесі сақталып қалды. Бұл туралы Orda.kz Конституциялық комиссияға сілтеме жасап хабарлайды.
Атап айтар болсақ, III бөлімнің «Президент» деп аталатын 48-бабында қазіргі және бұрынғы мемлекет басшыларының қолсұғылмаушылығы туралы норма көзделген.
«1. Қазақстан Республикасының Президенті, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қолсұғылмайды.
Қазақстан Республикасының президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде жасаған әрекеттері үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды, тек мемлекеттік опасыздық жасаған жағдайлар бұған кірмейді.
2. Қазақстан Республикасы президентін және оның отбасы мүшелерін қамтамасыз ету, қызмет көрсету және күзету мемлекет есебінен жүзеге асырылады.
3. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының экс-президенттеріне де қолданылады» деп нақты көрсетілген аталған бапта.
Еске салсақ, биылғы 20 қаңтарда Қызылордада өткен ұлттық Құрылтайда президент өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылса сайлау екі ай ішінде өткізілетіні, сонымен қатар вице-президент лауазымы енгізілетіні белгілі болған еді.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев үкіметті сынға алып, кадрлық шешім қабылдауға уәде берді
- Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды
- Эльвира Азимова: Конституциялық комиссия алдында айрықша миссия тұр
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық