Референдум: Бостандық ауданы тұрғындарының дауыс беруге белсенділігі байқалмады
Коллаж: Orda.kz
Алматы қаласы Бостандық ауданының тұрғындары дауыс беруге асығар емес. Жаңа Конституция жобасына қатысты референдумда дауыс беру басталды. Orda.kz тілшісі үш сайлау учаскесінде болып, тұрғындардың белсенділігін бақылауда.
Бостандық ауданындағы №555 сайлау учаскесінде таңертеңнен бері небәрі тоғыз адам дауыс берген. Комиссия төрағасының айтуынша, қала тұрғындары әдетте асықпай, түстен кейін көбірек келетін көрінеді.
Комиссия мүшесі Найля Сүлейманова дауыс беруге дайындық таңғы алтыда басталып, ал процесс сағат жетіде мемлекеттік әнұранмен ашылғанын айтты.
«Әрбір адам келіп дауыс беруі керек деп ойлаймын, себебі бұл – кез келген қазақстандықтың азаматтық борышы. Әзірге біздің учаскеде адамдар аз. Меніңше, түстен кейін көбейеді. Дауыс беру қалыпты өтіп жатыр», – деді комиссия мүшесі.
Ал №232 учаскеде 30-ға жуық адам дауыс беріп үлгерген. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының жатақханасында орналасқан №239 учаскеде шамамен 50 адам дауыс берген. Ондағы комиссия төрағасының айтуынша, бұл учаскеде негізінен студенттер дауыс беруі тиіс. Алайда таңертеңнен бері маңайдағы тұрғындар келіп жатыр. Студенттер түстен кейін келуі мүмкін.
Әдетте әр учаскеде жеті комиссия мүшесі жұмыс істейді. Олар дауыс беру процесін бақылап, мүмкін болатын заңбұзушылықтарды тіркейді.
Orda.kz тілшісі барған учаскелерде комиссия төрағалары әзірге ешқандай заңбұзушылық немесе дауыс берушілер тарапынан наразылық болмағанын айтты.
Дауыс беруге келген тұрғындар азаматтық борышын орындауға келгендерін айтып, қысқа жауап берді. Олар бюллетеньді толтырып, дауыс беріп, өз шаруалырымен кетіп жатты.
Оқи отырыңыз:
- Мәжіліс спикері жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
- Қазақстанның жаңа конституциясына дауыс беру басталды, референдумға дайындыққа 70 мың адам қатысты
- Рефендум: Аккредиттелген халықаралық байқаушылармен бірқатар кездесу өтті
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық