Қытайда 25 баланы улаған мұғалім өлім жазасына кесілді
Қытайда әріптесімен жанжалдасқан әйел өзін ренжіткен әріптесінен кек алу үшін балалардың тамағына натрий нитриті қосқан.
Қытай төрт жыл бұрын балаларды қасақана улаған балабақша тәрбиешісіне өлім жазасын кесті, деп хабарлайды Orda.kz. Thepaper.cn. сайтына сілтеме жасап.
2019 жылдың наурыз айында Цзяозуо қаласындағы балабақшада жаппай тамақтан улану оқиғасы болды. Полиция 40 жастағы мұғалім Ван Юнның мектеп жасына дейінгі балалардың ботқасына натрий нитритін қосқанын анықтады. Уланған балалардың бірі 10 ай емделгеннен кейін көз жұмды, қалғандары ауруханаға жатқызылды.
Қылмысқа Ван кек алғысы келген балабақшадағы әріптесімен жанжал себеп болған.
Әйел денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін алғашында тоғыз айға бас бостандығынан айырылғанымен, кейін бұл жаза өлім жазасына ауыстырылған. Ван шешімге шағымдануға тырысты, бірақ Хэнань провинциясының жоғары халық соты шағымды қабылдамады.
Сондай-ақ, тергеушілер осы әйелдің 2017 жылы жанжалдан кейін өзінің күйеуінің сусынына натрий нитритін салып жібергенін анықтады. Нәтижесінде ол орташа дәрежеде уланған.
Бұған дейін Атырауда ерекше балаларды азаптаған мұғалім төрт жылға сотталған болатын. Ол кәмелетке толмағандарды физикалық және психикалық азапқа ұшыратқаны, жүйелі түрде ұрып-соққаны үшін кінәлі деп танылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық