«Қуғын-сүргін басталды»: Арман Шораев мәлімдеме жасады
Қоғам қайраткері Арман Шораев әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, өзіне қатысты қуғын-сүргін басталғанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, билік әріптестері мен жақтастарына қысым жасаған.
«Жап-жаңа Қазақстанның жаңашыл билігі менің айналамдағы адамдарға, әріптестеріме, жақтастарыма түрлі себептермен қысым жасауды бастап кетті. Журналист ретінде жасаған жұмыстарымнан мін іздеп, архив ақтаруға көшті. Көптеген жобаларды бірге жүзеге асырған пікірлестерімді заңсыз тергеп-тексеруде. Кейбіреуін тіпті заңсыз шетелге шығармай, заңсыз тінтулер жасауда. Сондағы көздегендері менің ауызымды жабу! Мен осы азаматтық ашық ұстанымға көшкенде алдымнан не шығатынын біліп келген адаммын, шырақтарым! Менің ұстанымымнан айнытам деп текке терлемеңдер! Менің айналамды заңсыз тіміскілеп, адвокаттардан «Арман билікке келсін, жолықсын, анаусын қойсын, мынаусын қойсын» деген сәлемдеме жолдағаннан түк шықпайды!
Мен жүзеге асырған «Қазақстан Барысы» жобасын да тілге тиек етіпсіңдер, айналайындар, идея менікі болғанымен, бұл жоба қазір халықтың қазынасына айналған. Аталарыңның асы мен наурызда ғана естеріңе түсетін қазақ күресін, түйе балуандарды елге танытып, сондай жоба жасасаңдар, сендерге кім «қой» деді?! Мені қаралап, жемқор қылып, халықтың алдында қарабет қылуды көздеген екенсіңдер, ақ жол! Бір қуанатыны - қазір халық өзгерген, көзі ашық, билік не айтса соған құлдық ұрмайтын қоғам қалыптасып келе жатыр! Сол үшін де сендердің сапарларың қысқа! Сайлауда әділдіктің көзін ойып тұрып дауысымды ұрлап алдыңдар, бірақ менің азаматтық көзқарасым мен сөз бостандығымды ұрлай алмайсыңдар!
Құрметті дос-жаран, ниеттес-пікірлестер, биліктің жаңа стильдегі қуғын-сүргіні мен советский шаң басқан қысымына қынжылатын мен емес, мен ақпын» деп жазды Шораев.
Жаңалықтар
- Қазақстан Конституциясы мен домбыра Памир шыңына көтерілді
- «Қарасора – 2026»: Есірткі тасушы «жұмысын бастаған» әйелден 113 түйіншек табылды
- UIM F1H2O әлем чемпионаты: Орталық Азия мемлекеттері президенттері қатысты
- Әлемдік жанжал: ФИФА коммерциялық құқықтарын жеке инвесторларға сатпайтын болды
- Президент Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуымен тұрғындарды құттықтады
- Энергетика министрлігі: КҚК мен жүк жөнелтушілер арасында тұрақты байланыс орнатылды
- Қостанай облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, төрт жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға түсті
- Жамбыл облысында пара алды деген күдікпен полиция бөлімі бастығының орынбасары ұсталды
- ЖИ бақылаудан шығып, компанияларға шабуыл жасап жатыр
- Бір тәулікте Сеутаға 50 мың мигрант қашып келіп, 57 адам қаза тапты
- Тамыз айында еліміздің ауа райы қандай болады?
- Есіл өзенінде 20 жастағы жігіт қаза тапты: Денесі әлі іздестіріліп жатыр
- Future Games: Қазақстан намысын жалғыз команда қорғайтын болды
- УЕФА мен оған мүше 55 ел ФИФА жарыстары мен Әлем чемпионатына бойкот жариялады
- Зорланғанын айтқан қыздың арызын елемеген полицейлерге сот үкімі шықты
- Bazis-A негізін қалаған Александр Беловичтің ісі бойынша Татьяна Белова түрмеге тоғытылды
- Тоқаев бірқатар судьяларды орнынан босатты
- Тоқаев Ыстықкөлдегі Орталық Азия елдері мен Әзербайжан жетекшілерінің бейресми кездесуіне қатысады
- АҚШ-та Трамптың портреті бейнеленген паспорттар беріле бастады
- Испания шекарасын бұзған мыңдаған мигрант Еуропаны дүрліктірді