QazNews24 авторына қарсы іс 9 ай бұрын қозғалған: адвокат заңсыз әрекеттер туралы мәлімдеді
Фото: Orda.kz
QazNews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебектің қорғаушысы Еңсебек ұсталғанда құқық қорғау органдары тарапынан заңсыз әрекеттер болғанын және оған қатысты іс 2024 жылдың сәуір айында қозғалғанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Алматыда QazNews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебекті қолдау мақсатында өткен пресс-конференцияда адвокат Жанар Балғабаева айтты. Оның айтуынша, Темірланды қудалаудың заңдық негізі жоқ. Сонымен қатар, Балғабаева оның әрекеттері азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға жатады деп айып тағылғанын, бірақ, бұны саяси қудалау деп санайтындарын жеткізді.
«Темірланды жеке бір пост үшін емес, істеп жүрген қызметі үшін жауапқа тартып жатыр деп болжаймыз. Қазір ол Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторында қамауда. Бұлтартпау шарасын өзгерту туралы жазған шағымдарым қанағаттандырылмады. Сондай-ақ, Темірланның телефоны мен ноутбугының тексерісіне дейін олардың «бұзылғанын» анықталды. Бұл туралы телефон мен ноутбукқа кіру әрекеттерінен кейінгі бұғаттау айғақтайды», - деді Еңсектің қорғаушысы.
Балғабаева журналистерге Еңсебектің телефонындағы бұғаттау нөмірі бірнеше рет қате терілген соң бұғатталып қалып, телефон бір сағатқа мүлдем ашылмай қалғанын айтты. Оның айтуынша, заңда гаджеттер және өзге де барлық мүлікті иесінің көзінше қарап, тексеру туралы атап жазылған.
«Біз тексеруге кіріскенде, Темірланның ноутбугы мен телефонының әлдеқашан бұзылғанын көрдік. Біз оларды аша алмадық, себебі олар бұғатталған. Бізде бұл туралы хаттама бар, оның барлығы тіркелген, фотосуреттер де бар. Бұл тексеріс санкциясыз жүргізілді және заңсыз болды», – деді Балғабаева.
Оған қоса, адвокат Еңсебектің қорғаушысы қылмыстық істің 2024 жылдың сәуір айында қозғалғандығын жеткізді. Мамырда лингвистикалық сараптама жүргізіліп, қамауға 2025 жылдың қаңтарында жүзеге асқанын мәлімдеді.
Сондай-ақ, істің біреудің арызы негізінде емес, әлеуметтік желілерді мемлекеттік органдардың мониторингі барысында қозғалғанын хабарлады.
Конференцияға қатысқан белсенділер мен құқық қорғаушылар соңғы кезде 174-баптың саяси белсенділер мен журналистерге қарсы жиі қолданылып жатқанындығын айтты. Темірланның ісін «өрескел жағдай» деп атап, қылмыстық қудалауды заңсыз деп бағалады.
Еске сала кетейік, QazNews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебекті полиция 17 қаңтарда үйіне тінту жүргізгеннен кейін ұстап әкеткен болатын. Ал 18 қаңтарда Еңсебек екі айға қамау туралы шешім шықты. Артынша, 20 қаңтарда Темірлан Еңсебекті қолдауға шыққан пикеттерінен журналистер Руслан Бикетов пен Әсем Жәпішеваны полиция ұстап алып кеткен болатын.
Темірлан Еңсебекке «ұлтаралық алауыздық тудырды» деген айып тағып отыр. Orda.kz тілшісі QazNews24 паблигіне шыққан постта айтылған «Эй, йоу, орыстар» әні туралы материалында ақпарат және мәдениет министірлігі бұл әннің ендігіде барлық медиа платформалардан алынып тасталатынын және осы әнді қолданғандар заңмен жазалануы мүмкін екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, айта кетейік, бұл рэп таратылуға тыйым салынған материалдар қатарында жоқ.
Жаңалықтар
- Түркияда мектептерге жасалған шабуылдардан кейін мұғалімдер наразылыққа шықты
- «Құрылыс жұмысын жасатқан»: Оқушыны өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген 3 адам сотталды
- АҚШ әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазындағы миналарды іздеуге кірісті
- Түрік сериалдарының жұлдызы Бурак Дениздің есірткі қолданғаны белгілі болды
- Жетісуда 23 жастағы дзюдошы қыздың өлімі: Дәрігерлер кінәлі ме?
- Қазақстанда цифрландыру мен AI жылы: Тоқаевтың мәлімдемесі
- Алматыға Enrique Iglesias пен Deep Purple келеді: Ал Eminem мен Shakira ше?
- Құпия жерде бой тасалаған: Қарағанды облысында 5 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
- Мектептерде мазмұндама, шығарма және диктант жазу қайта енгізіледі
- Алматы қаласында алып ағаш құлап, көшені жауып қалды
- Шымкент әуежайында FlyArystan ұшағы итті қағып кетті
- Роза Рымбаева екі ұлынан бөлек тағы екі қызының бар екенін мәлімдеді
- Иранда барлық оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
- Қостанайда блогер қатысқан төбелес: Полиция қылмыстық іс қозғады
- 44 градусқа дейін күн ысиды: Мамыр айына арналған ауа райы болжамы
- «Атырауға көп ақшамен барады»: Ұзату жайлы жазба желіні дүр сілкіндірді
- Құрамында ветеринар дәрігерлер де бар: Ұзақ уақыт бойы мал ұрлап келген қылмыстық топ ұсталды
- Оқиға орнында қаза тапты: Әскери бөлімдердің бірінде сарбаз қаза тауып, екіншісі жараланды
- Шымкентте «алма бақтары» арқылы 430 млн теңге жымқырылған
- Екібастұзда дәрігер мен медбикені екі мас адам соққыға жықты