Қазақстандықтар Ресей азаматтығын оңайлатылған тәртіппен ала алады
Ресей Беларусь, Қазақстан, Молдова және Украина азаматтарының азаматтық алуын жеңілдететін заңнамаға түзету әзірлеп жатыр.
Ресейде «Азаматтық туралы» заңға өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Ол Ресей Федерациясында тұрақты тұратын және тұруға рұқсаты бар Қазақстан, Беларусь, Молдова және Украина азаматтарының оңайлатылған азаматтық алу құқығын қалпына келтіреді, деп хабарлайды РИА Новости.
Заң жобасының бірінші оқылымда қабылданған нұсқасында мұндай құқық президент жарлығы арқылы берілген.
«Президенттің заң жобасына түсіндірме жазбада аталған санаттағы азаматтарға Президент жарлығы арқылы азаматтық алу құқығы берілуі мүмкін екендігі айтылған. Бірақ Жарлықты күтудің қажеті қанша? Қолданыстағы заң оларға бұл құқықты берсе, жаңа заң оны неге алып тастайды? Ұсынылған түзету бұл мәселені алып тастайды» деп түсіндіреді Мемлекеттік Думаның ТМД істері жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Константин Затулин.
Сондай-ақ парламентарий Ресейде тұру шарттары туралы баяндады, бұл жеңілдетілген тәртіпте азаматтық алуға да әсер етуі мүмкін. Оларды үш жылдан бір жылға дейін қысқартуды ұсынып отыр.
Еске салайық, 2022 жылғы 5 сәуірде бірінші оқылымда қабылданған заң жобасы азаматтықтан айыру, оның ішінде террористік сипаттағы қылмыстар, мемлекетке қарсы ауыр қылмыстар, сондай-ақ адам саудасы саласындағы қылмыстар үшін көзделген болатын.
Заң жобасы 20-дан астам санаттағы тұлғаларға Ресей азаматтығын қабылданған кезде қойылатын талаптардың санын қысқартуды, сондай-ақ мемлекет басшысының оңай алуға құқығы бар тұлғалар санатын анықтау жөніндегі өкілеттіктерін кеңейтуді көздейді.
Қазақстанда 2023 жылдан бастап басқа азаматтығын қасақана жасырғаны үшін жауапкершілікті күшейту жоспарлануда. Осы мақсатта заңнамалық актілерге бірқатар түзетулер әзірленуде. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек хабарлады.
— Қазақстанның қос азаматтықты мойындамайтынын айта кеткен жөн, сондықтан мұндай фактілерді анықтау жұмыстары ерекше бақылауда,- деп атап өтті Тұрлыбек.
Ол заңнамада Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылған қазақстандықтың төлқұжатын немесе жеке куәлігін пайдаланғаны, сондай-ақ бұл туралы белгіленген мерзімде хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. Мұндай фактілерді жасырғаны үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе елден шығару қарастырылған.
Жаңалықтар
- Тоқаев: Бельгия — Қазақстанның Еуропалық Одақтағы басты серіктестерінің бірі
- 102 адам мейрамханадағы астан уланды: Сот қылмыстық іс қозғады
- 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда не өзгереді: Жаңа Конституция және кедендегі жаңа ережелер
- Қазақстанда сұйытылған газды жеткізу ережелері өзгерді
- Краннан құм, лай, құрт шыққан: Талғар тұрғындары тағы да дабыл қағып, 18 жылдан бері таза суға жете алмай жүр
- Көкшетауда жаяу жүргіншіні қағып өлтірген әйелдің жазасы кейінге қалдырылды
- Қазақстандағы айыппұл саясаты: «Айыппұлстан» деген сөзге қатысты Ержан Сәденов өз көзқарасын білдірді
- 254 адам өліп, эпидемия жариялаған Конгоға Эбола вирусымен күресу үшін Қытай мыңдаған дәрігерін жіберді
- Астанада 224 жер учаскесі мемлекет қажетіне алынады
- Қытай АҚШ-тың 56 компаниясына қарсы сауда шектеулерін енгізді
- Қандай пост, пікір, репост үшін 20 жыл түрме беріледі? Прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады
- Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі болып Ғиззат Байтұрсынов тағайындалды
- Президент елдегі жарылысқа байланысты Катар Әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады
- Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапары барысында отандастармен кездесті
- Әл-Фарабидегі апат: Сот Пакты 10 жылға бас бостандығынан айырды
- Bloomberg — Ормуз бұғазы арқылы өтетін Иран мұнайы экспорты ең жоғары деңгейге жетті
- Ақтөбе облысында 102 адам мейрамханадағы астан уланып, ауруханаға түсті
- Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қызметінен кетті
- Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер қызметінен кететінін мәлімдеді
- Пак сотта соңғы сөзін айтты: «Саяси ықпалды тұлғаға қатысым жоқ»