Қазақстандағы қанды қаңтар: үшінші күн, Орал мен Қызылорда

cover

Орал мен Қызылордада бейбіт жолмен басталған шерулер жаппай погромға айналды.

Orda.kz сайты The Diplomat басылымымен бірлесе отырып, Шерилдің қаңтар айындағы барлық оқиғалар мен наразылық шерулерін басып жатқан көшелерден жазған қазақстандық тәуелсіз журналистер туралы әңгімелейді.

Шерил Л. Рид

ОРАЛ, Қазақстан. 3 қаңтар күні журналистер Лұқпан Ахмедьяров пен Рауль Упоров қалаға наразылық білдірушілерді іздеуге шықты. Олар жергілікті тұрғындар сұйытылған газ бағасының қымбаттауына қарсы басқа қалалардағы шерулерге қосылатынына сенімді еді.

Лұқпан шеру туралы кешке қарай орталық алаңда полицияның қоршауындағы наразылық акциясына қатысушылардың бейнежазбасын көрген кезде білген. Журналист бірден қала орталығына жол тартқан.

«Бұлар қарапайым наразылық білдірушілер емес еді. Олардың көпшілігі қарапайым жүк көлігінің жүргізушілері. Көліктерін алаңның дәл жанына қойды», - дейді ол.

Лұқпан Ахмедьяров – белгілі саяси журналист және азаматтық белсенді. Бұған дейін «Уральская неделя» басылымының бас редакторы қызметін атқарған. Бүгінде ол бұрынғы фотограф әрі «Уральская неделя» газетінің бас редакторы Рауль Упоров екеуі YouTube-тағы «Просто Журналистика» арнасына деректі фильмдер түсіріп жүр.

Ахмедьяров алаңға келгенде, полиция оны өткізбейді деп ойлаған, бірақ олар шетке шығып, оны орталыққа жіберген.

Екі сағат бойы Лұқпан хабар таратқан: Жаңаөзендегі наразылықты қолдап алаңға жиналған шағын шеру өткен. Түнгі сағат бір шамасында жиналғандар тарап, келесі күні қайта кездесуге келіскен.

«Таныстарыңның барлығын әкеліңдер», - деді олар бір-біріне.

Ертеңінде наразылық білдірушілер таңертең қала шетіндегі «Самара-Шымкент» халықаралық тас жолының бойында орналасқан «Дина» супермаркетіне жиналды. Олар орталық алаңға қарай жүріп келе жатып, өз қатарын толықтырып келді. Көпшілік қолдарына қазақтың туын ұстап, әнұранды шырқады. Наразылық білдірушілердің бірі «біз бірінші рет бәріміз бірге жиналдық» деді.

Журналистің айтуынша, наразылық білдірушілер алаңға жеткенше 2000-дай адам жиналған. Олардың алдына талапты тыңдауға дайын экс-әкім Абат Шыныбеков шықты.

«Олар ол кезде газ бағасын ұмытып кеткен. Наразылық білдірушілер жүйенің өзін жоюға ниетті еді. Олар парламенттік сайлау өткізгілері келді. Олар халық үкіметтің рұқсатынсыз наразылық білдіре алатындай етіп заңды өзгерткісі келді», - деп Ахмедьяров митингті еске алды.

Орал. Фото: Талғат Умаров и Еркебұлан Гапуов. «Уральская неделя»

Қызылордадағы бейбіт митинг

Оралдан 1500 шақырым жердегі Қызылорда қаласындағы такси жүргізушілері өз қызметтерін ұсынатын «Aray City Mall» сауда орталығы маңына халық жиналып, бас қосты. Сол күні таңертең полиция 20 шақты жасты ұстады, ал шерушілер оларды босатуды талап етті.

31 жастағы белсенді Жәмилә Қасымхан наразы халықтың наразылығын түсіру үшін тікелей сауда орталығына барған. Ол алдағы үш күнде аймақтағы ең ірі тәртіпсіздіктерді фото мен видеоға түсіретінін білген жоқ. Наразылық акциясын өткен желтоқсанда Қызылорда облыстық демократиялық партиясының баспасөз хатшысы қызметінен кеткен 34 жастағы Ерқанат Сәрсенбай да түсірген.

Қызылорда облыс орталығы болғанымен, онда тәуелсіз ақпарат құралдары жоқтың қасы. Өзбекстанмен шекарада орналасқан шағын қала қаңтар оқиғасы кезінде өзіне ерекше назар аудартты.

Қасымхан кешкі сағат 17:00-ге дейін жиналған жұртты суретке түсірді. Олардың саны ақырында Назарбаев даңғылына сыймай кетті. Артынша жиналған жұрт тарай бастады: кейбірі облыстық сот жанындағы орталық алаңға көшсе, енді бірі сауда орталығында қалды. Қасымханның айтуынша, мас күйінде арандатушылар сауда орталығының автотұрағындағы үлкен шыршаны өртеп, полицияға шабуыл жасамақ болған. Оларды басқа наразылық білдірушілер тоқтатып қалған. Полиция қызметкерлері оқиғаны бақылағанымен, ешкімге тимеген.

Қызылорда. Фото: анонимді автордан

Сағат 20:30-да облыстың экс-әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жиналған жұртшылықпен келіссөз жүргізбек болғанымен, наразылық білдірушілердің шуы оған бөгет болды. Олардың бірі талаптар тізімін оқыды: наразылық білдірушілер өмір сүру деңгейінің төмендігіне, жолдардың нашарлығына, азық-түлік пен бензин бағасының қымбаттауына шағымданды. Жиналғандарға жауап бере алмаған әкім үнсіз тұрақтан шығып кетті. Осыдан кейін наразылық білдірушілер оның көлігіне шабуыл жасады: олар көлікке пластик бөтелкелер лақтырып, оның дөңгелектерін тепті. Шенеуніктің көлігі жұрт арасынан тез сытылып шығып, көзден ғайып болды.

Түн ұзаған сайын ереуілшілерге отбасы мен бала-шағасы бар адамдар қосылды. Жәмилә Қасымханның айтуынша, наразылық көшедегі қызу кешке ұқсаған: адамдар шай мен тамақ таратып жүрген, әйелдердің бірі палау пісірген. Шерушілер микрофон алдында кезектесіп өлең оқыған. Халық әнұранды шырқаған.

Ертеңгі күні наразылықтардың түбегейлі өзгеруіне ешкім дайын емес еді.

Оралға арандатушылар қосылды

4 қаңтар күні кешкі сегіздер шамасында Оралда Лұқпан Ахмедьяров әкімдік алдында төбелес болғанын байқаған. Жақындап қараса, хаки комбинезон киген, медициналық бетперде киген 20 шақты адам бір адамды тепкілеп: «Әкімдікке барайық!» деп айқайлап жатқанын көрді.

Лұқпанның досы оларды «сабасына келтірейік» деп ұсыныс жасаған. Журналистің екі досы оны көпшіліктің үстінен көтеріп, қолына мегафонды ұстатқан. Лұқпан жігіттерге қазақша-орысша айғайлаған: «Не істеп жатырсыңдар? Ұят емес пе! Тоқтатыңдар! Біз абыройымызды сақтауымыз керек!».

Ахмедьяров: «Мен ол жерде журналист болып, келесі минутта қозғалыстың бір бөлігіне айналдым», - деді.

Орал. Фото: Талғат Умаров и Еркебұлан Гапуов. «Уральская неделя»

«Азаттық» радиосының штаттан тыс журналисі Мария Мельникова өзінің досы әрі Уральская неделядағы әріптесі Лұқпан Ахмедьяровтың көпшілікке хабар таратқанына таңғалмаған.

«Лұқпанның өзге журналистерден ерекшеленеді. Оның ішінде әрқашан оны алға жетелейтін бір нәрсе болатын - қарсылық білдіруші, бүлік шығарушы. Кейде ол тіпті агрессивті және өте эмоционалды болуы мүмкін», - дейді ол.

Бірақ Лұқпан жігіттермен сөзге келе алмады: ішімдікке сылқиа тойып алған екі арандатушы оны итеріп жіберіп, бірі оның жағасына жармасқан. Лұқпан достарымен бірден бас алаңға қайтып кеткен.

Орал. Фото: Талғат Умаров и Еркебұлан Гапуов. «Уральская неделя»

Сағат 23:00 шамасында әкімдіктің терезелеріне орнатылған дауыс зорайтқыштардан «Сіздердің әрекеттеріңіз заңсыз, кетулеріңізді сұраймыз!» деген хабарлама естілді. Хабарламадан кейін сирена 30 секундқа созылды, содан кейін бәрі қайталанды.

Хабарламаға қарамастан, Лұқпан, Рауль және Мария сияқты бірнеше журналист ешқайда кетпей, наразылық ошағында қалды. Олар бұған дейін наразылық акцияларынан хабар таратпақшы болып, бірнеше рет ұсталған. Рауль әдетте әзілдеп, полициямен шиеліністі азайтып, оңай құтылып кеттеді.  

Бірақ кәмелетке толмаған екі баланың анасы Марияның жолы болмады. 2020 жылдың наурыз айында пандемия кезінде ол Абай ескерткішінің суретін жариялаған. Полиция оның үстінен төтенше жағдай кезінде «жалған ақпарат таратқаны» үшін қылмыстық іс қозғады. Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін іс әлі ашық. Үкімет Мария Мельниковаға аккредитация беруден бас тартып, бейресми жұмыс істеуге мәжбүрлегендіктен жағдай қиындаған.

«Мен елес сияқтымын», - деді ол.

Жарық-шу гранаталары

5 қаңтар күні түнгі сағат үшке қарай жиналғандар қарасы азайған.  «Уральская неделя» газетінің журналисі Талғат Омаров пен оператор Еркебұлан Ғапуов полиция қызметкерлері қалқандарымен сапқа тізілгенде алаңда қалған жалғыз БАҚ қызметкерлері еді. 30 минуттан кейін журналистер қатты жарылыстарды естіп, жерді шарлап жатқан түтінді көрді.

Талғаттың есіне бірден екі апта бұрын Лұқпан мен Раулдың 2011 жылғы Жаңаөзендегі наразылық шерулерінің он жылдық мерейтойына түсірген деректі фильмі түсті. Кадрда полицияның қашып бара жатқан адамдарға қалай оқ атқаны көрінеді, Талғат алаңда болып жатқанның бәрін түсіру керек екеніне сенді.

«Гранаталар жарылып, полиция кортежі маған қарай жылжи бастағанда, шынымен қорқынышты болды. Біздің полиция қызметкерлеріне атуға бұйрық берілсе, оқ ататынына сенімді едім», - дейді Талғат.

Талғат пен Еркебұлан наразылық шерулерін видеоға түсіріп алып, «Уральская неделя» газетінің кеңсесіне бет алды. Олар Лұқпанға хабарласты.

Орал. Фото: Рауль Упоров

Лұқпан досының дауысындағы толқуды есіне алды. «Ол көптеген адамдардың зардап шеккенін айтты. Полиция наразылық танытқандарды ұрып-соғып, тұтқындаған соң атыс басталды. Жұрт қашты», – дейді Лұқпан.

Бейнежазбаны дереу жариялау туралы шешім қабылданды - олар Интернеттің қашан сөнетінін білмеді. Бейнежазбада ер адамдардың алаңда жүргендерін, артынан бірнеше жарылыстың дауысы естілді. Адамдар айғайлап, қаша бастады, ал полиция тікелей наразылық білдірушілерге бет алды. Барған сайын жарық-шу гранаталар жарылып, алаңды түтіннен тұман басты. Айқайлаған адамдар әр жаққа қашып, жаңа жылдық шырақтармен безендірілген ағаштардың артына тығылды.

Түтін, граната, оқ

Бірнеше сағаттан кейін, яғни 5 қаңтар күні таңғы сағат 8 шамасында полицейлер түні бойы адам көп жүретін Назарбаев даңғылының жолын бөгеп жүрген 20 шақты қызылордалықты ұстады.

Жәмилә оқиға орнына сағат 13:00 шамасында жетіп, даңғылға жиналған демонстранттарды видеоға түсіре бастады. Оның айтуынша, тәртіп сақшылары наразылық білдірушілерді ұстай бастағанда, қиян-кескі қақтығыстар басталып, жиналғандар полицияға тас лақтырған. Полиция жауап ретінде өзден жас ағызатын газбен, жарық-шу гранаталармен және резеңке оқтарды қолданды. Наразылық білдірушілер шетінен көліктерді өртей бастады. СОБР қызметкерлері ашуға булыққан халыққа төтеп бере алмай, қашуға мәжбүр болды.

Жәмилә полицейлердің өртеніп жатқан автобустары мен үкіметтік ғимараттардан бұрқыраған қара түтінді видеоға түсіріп алған. Ол шеруге шыққандардың әкімдіктің автотұрағында тұрған көліктерді қалай ұрлағанын, жұрттың баспасөз қызметінің ғимаратын тонап, қымбат құрал-жабдықтарын алып кеткенін көрді.

Сауда орталығының маңында тұратын облыстық ПД-ның бұрынғы баспасөз хатшысы Ерқанат оқиға орнына атып шықты. Ол қазақ туын желбіретіп, өзін соңынан әкімдікке баруға шақырған адамды көрді. Көпшілік «Шал, кет!» деп ұрандатып, жүріп келе жатты.

Ерқанат барлығын телефонына түсіріп жүрген кезде наразылық білдірушілердің бірі оған «түсірме» деп тыйым салған. Олар болашақта өз әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылғысы келмейтіні анық.

Қызылорда. Фото: Жамиля Қасымхан

Мыңдаған халық әкімдік ғимаратына жақындағанда, оларды дулыға, қалқан, резеңке дубинка киген СОБР жауынгерлері қарсы алды. Ерқанат наразы топтың «Хабар» телеарнасының операторын қоршап, одан таспаны сұрап жатқанын көрген. Камерасын сындырамыз деп қорқытып, артынша флеш картасын алып кеткен. Ереуілшілер әкімдіктің қақпасынан өтіп, кейін полиция гранаталарын лақтырып, көпшілікке оқ жаудырды. Олар ғимараттың терезелерін сындырғаннан кейін полиция шегінуге мәжбүр болған.

Бұл қақтығыста 29 жастағы Фархат Омаров мерт болды. Оқ жүрегіне аяғына тиген. Екі күннен кейін анасы оны мәйітханадан тапақан.

Белгісіз бір топ адам шерушілерді облыстық полиция департаментінің ғимаратына басып кіруге шақырған. Әкімдіктің тұрағынан ұрланған жүк көлігі мен жеңіл көлік бөлімнің қақпасын қағып өтпек болғанымен, қоршауға соғылған. Екі көлік те аулаға кіре алмаған. Полиция тұрағындағы бірнеше көлік өртенді.

28 жастағы Нұрсұлтан Бекболатов отбасымен бірге астан үйіне келе жатып, оқтың астында қалған. Көлікте төрт адам болған. Зардап шеккендер ауруханаға өтіп бара жатқан басқа көлікпен жеткізілді. Бекболатов қайтыс болды, қалған отбасы мүшелері аман қалды.

Шерушілер полиция ғимаратын басып алуға бірнеше рет сәтсіз әрекет жасағанын көрген Ерқанат бұл тым қауіпті деп шешіп, үйіне оралған.

Орал. Фото: Талғат Умаров и Еркебұлан Гапуов. «Уральская неделя»

Бұл кезде Жәмилә да полиция бөлімінің жанында болған. Ғимараттың кіре берісіндегі отты айнала жиналған жұртқа жақындаған оның қолдары дірілдеп тұрған. Оның айтуынша, белсенділер мен наразылық білдірушілер полиция ұстағандарды босатуға тырысқан. Шерушілер көше шамдары мен бейнебақылау камераларына тас лақтырған.

Жәмилә: «Мен бұл бейберекеттікте өзіме таныс ешкімді көрмедім», - деді. «Олар жергілікті тұрғындарға ұқсамады».

Ол Ерқанат сияқты қауіпсіздік мақсатында үйіне 9 жасар ұлы мен анасына оралған. Жәмилә үйіне жеткенде мылтық дауысын естіді. Әйел есік-терезелерді құлыптап, жастығының астына пышақ жастап, жатқан.

«Біз өз қауіпсіздігіміз үшін жауапты болдық - полицияның қалада қалғанын көрмедік», - деді ол.

Ұстап, тергеу

5 қаңтар күні сағат 11:30-да «Уральская неделя» газетінің тілшісі, 26 жастағы Серік Есенов Абай алаңына жол тартты. Алаң бос, оны әскери киім киген адамдар қоршауға алған. Периметр бойына тікенек сым тартып, облыс әкімдігінің алдына броньды көліктер мен автобустар тұрақтаған. Полиция сол маңдағы адамдардың барлығын, тіпті қасынан өтіп бара жатқан екі ер адамды ұстап әкеткен.

Осы кезде алаңнан хабар беріп, әскери техниканы камераға түсіріп жатқан Серікке екі полиция қызметкері келді. Оның жеңінде «пресса» деген жазуы бар сары белгі болды, бірақ бұл тәртіп сақшыларын тоқтатпады - олар оның фотоаппаратын тартып алмақ болды. Серік өзінің журналист екенін қайта-қайта айтқанымен, полицейлер оның қолын артына қайырып, бронетранспортерлік вагонға сүйреп апарды.

«Бетперде киген жігіттердің бірі қылмыскерге ұқсады. Көзінде ашу. Қарсылық көрсету сияқты бірдеңе жасағым келсе де, бұл жігіт күш қолдануға дайын екені анық», - деп еске алды Серік.

Ол ұялы телефонын джинсы шалбарының қалтасына тығып үлгерген. Ол сақтықпен редакторы Тамара Еслямоваға телефон соққан, ол оған сабыр сақтап, полициямен бірлесіп жұмыс істеуге кеңес берді.

Кейін оның телефоны тәркіленіп, ішке кіргізгенде Серік бұрынғы әріптестерінің бірі Есенжол Елекеновтен жауап алынып жатқанын көрді. Серікке ол өзін онша жақсы сезініп тұрмаған сияқты көрінді. Полицейлер Серіктің саусақ іздерін алып, суретке түсірген, ол жауап алу журналында 463 санымен көрсетілген.

Серіктен жауап алуды азаматтық киім киген ер адам тоқтатып, тергеушіге журналистті жіберіңіз деді. Серік редактор Тамара Еслямованың полицияға хабарласып, оны босатуды талап еткенін кейін білді.

Алайда Есенжол қамауда қалды.

Сол күні таңертең Лұқпан Ахмедьяров наразылық білдірушілерді іздеп жүрген кезде полиция оны көлігімен тоқтатып, полиция бөлімшесіне апарып, бес сағат бойы жауап алған.

Үнсіздік

6 қаңтарда Оралда тыныштық орнады. Қалада полициямен қақтығыс кезінде ешкім қаза тапқан жоқ, бірнеше адам жарақат алды.

Үйлер мен көліктер лаулап тұрған Қызылордада үрейлі тыныштық орнады. Назарбаев бейнеленген жыртық парақшалар жерде жатты.

«Ереуілшілер тоқта деген белгі алған сияқты», - деді Жәмилә.

Қызылорда. Фото: Жамиля Қасымхан

Елде бірнеше күн интернет болмаған. Жәмиля мен оның құрбысы KyzylordaGo Instagram парақшасында наразылық акциясының барлық қолжетімді видеоларын жариялады. Ерқанат «Азаттық» радиосына Қызылордадағы оқиға туралы репортаж жазды.

Қызылорда билігі келтірілген шығынды есептегенше бірнеше күн өтті: 24 мемлекеттік және коммерциялық ғимарат зақымданды, 718 адамды полиция ұстады, 210 адам медициналық көмекке жүгінді, олардың 33-і ауруханаға жатқызылды.

Ондаған адам қаза тапты, оның ішінде сарбаздар да бар. Қайтыс болғандардың нақты саны әлі белгісіз. Ерқанат 26 өлгенді білемін дейді, Жәмилә 25 адамның тізімін жасады. Азаттық 20 адам қаза тапқанын хабарлады.

Ерқанат құрбандардың көпшілігі туралы мәлімет аз деп ойлайды, себебі құқық қорғау органдары отбасыларына БАҚ-қа ақпарат бермеуді бұйырған. Полицейлер зардап шеккендерден ауруханада жауап алып, зардап шеккендердің туыстарын полиция бөліміне шақырды. Мәйіттерді полиция эксгумациялап, патрондарды тапты.

Қуғындалды

7 қаңтар күні таңғы сағат 7:30-да Орал полициясы Лұқпанның үйіне келді.

Полиция бөлімінде одан кешкі жетіге дейін жауап алды. Сағат сегізде ол сот алдына келді, ол наразылық акциясына қатысқаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды. Арандатушыларды тыныштандыруға тырысқан видео оған қарсы қолданылған.

«Олар менің журналист екенімді ойламады. Олар көтеріліске қатысушылардың барлығының «бастарын кеспек» болды», - дейді Лұқпан.

Оның айтуынша, осы 10 күн ішінде ол не қабырғаға қадалып, ұсталып қалған жағдайда оқимын деп көлікке салып қойған кітаптарды оқыған. Джордж Оруэллдің «Жануарлар фермасы», Қазақстан тарихы туралы «Дала империяларының басып алушылар мен алаяқтары» және Роберт Шеклидің «Әлемдер дүкені» кітаптарын оқыған.

Ол мегафонды қолына алып, жұртты тыныштандыруға тырысқанда шекарадан қалай өткенін ойлады.

«Мен журналистің этикасымен таныспын. Мен өкінбеймін. Дұрыс істедім. Мен жаман нәрсені алдын алуға тырыстым. Біздің посткеңестік елдердің ерекшелігі сол, журналистер қоғам қайраткері немесе құқық қорғаушы болуға ұмтылады», - деді ол.

Шерил Л. Рид – американдық журналист және Fulbright Program стипендиаты. Ол Орталық Азиядағы БАҚ-тың репрессиясын зерттеп, 80-нен астам журналистерден сұхбат алды. Қосымша ақпарат cherylreed.com сайтында

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар