«Құман екеуіміз өмір бойы халық үшін еңбек еттік. Бізде кәсіп болмады»: Меруерт Өтекешева Баян Алагөзованың ұсынысына пікір білдірді
Фото: Бейнеден кадр
Қазақ киносының аңызы Меруерт Өтекешева продюсер Баян Алагөзова мен күйеуі Тұрсын Алагөзов жасаған ерекше тартуына пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz 24KZ сайтына сілтеме жасап.
Продюсер Қазақстанның еңбек сіңірген әртісіне құндыз тон сыйлап, өмірінің соңына дейін ай сайын 1 миллион теңге көлемінде сыйақы беріп тұруға уәде берген еді.
Актриса бұл жаңалықты өзі де әлеуметтік желіден естіген. Оның айтуынша, Баян Алагөзовамен осы уақытқа дейін бетпе-бет кездесіп, сөйлеспеген екен.
«Бұл жаңалық мен үшін өте күтпеген жерден болды. Баянмен өмірде кездеспеген екенбіз, жеке таныстығымыз жоқ. Бірақ оның жұмысын сырттай бақылап, талантты продюсер ретінде құрметтеймін,— дейді Меруерт Өтекешева.
Қазақтың «Қыз Жібегі» комзолдың Баян Алагөзоваға берілгеніне ренжімейтінін айтты.
«Ол да өнер адамы, қадірін біледі. Баян оны бәрібір мұражайға тапсыратынын айтты, бұл шешіміне ризамын» ,— дейді актриса.
Сонымен қатар, Меруерт Өтекешева Баян Алагөзованың бұл қадамын өнерге деген құрмет деп түсінетінін жеткізді.
«Құман екеуміз өмір бойы халық үшін еңбек еттік. Бізде бизнес болған жоқ, бір жалақыға қарап жұмыс істедік. Сондықтан Баян біздің жағдайымызды түсініп, осындай ізгі ниет танытып отыр деп ойлаймын»,— деді актриса.
Продюсердің ұсынған сый-сияпатын қабылдау мәселесіне келгенде, Меруерт Өтекешева әлі нақты шешім айтпады. Себебі, екі тарап әлі кездесіп, жүзбе-жүз сөйлеспеген.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық