Алматыда Zeekr көлігімен болған жол апатын тергеу екі аптада аяқталады
Фото: Алматы қаласы ПД
Алматыда Zeekr автокөлігі қатысқан жол апаты бойынша резонансты істі тергеуді екі апта ішінде аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Қылмыстық істі тергеу бойынша барлық дерлік сараптамалар алынған. Бұл туралы сенат дәлізінде ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов айтты.
«Алдағы екі аптада тергеу нәтижесін жариялаймыз деп жоспарлап отырмыз. Себебі қажетті тергеу әрекеттері аяқталып келеді, іс соңына жақындады», – деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан үш адам қаза тапқан еді. Желідегі ақпаратқа сәйкес, Zeekr көлігінің иесі өзге көлікпен жарысып жүйіткіген болуы мүмкін. Осы оқиғадан кейін 26 наурызда полиция түнде жол үстінде жарысатын жүргізушілермен күресті күшейткенін мәлімдеді. Алматы полициясында қызметтік тексеру басталып, кейін ішкі істер министрі Ержан Сәденов бірқатар басшылардың қызметтен босатылғанын хабарлады.
Сонымен қатар ІІМ бірнеше қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Ал резонанстан кейін Алматы жолдарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық