Қырғызстанда Қамшыбек Тәшиевке екі бап бойынша айып тағылды
Фото: 24KG
Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиевке Қырғызстан Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша айып тағылды, деп хабарлайды Orda.kz 24KG-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы адвокат Икрамидин Айтқұлов мәлімдеген. Оның айтуынша, Қамшыбек Тәшиевке «билікті күшпен басып алу немесе ұстап тұру, сондай-ақ конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге бағытталған әрекеттер» және «қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» баптары бойынша айып тағылған.
Экс-басшыға бұлтартпау шарасы ретінде елден шықпау туралы қолхат берілген. Адвокаттың айтуынша, ол өз кінәсін мойындамаған.
Сонымен қатар, бұрынғы бас прокурор Құрманқұл Зулушев пен Жогорку Кеңештің экс-спикері Нұрланбек Тұрғынбекуулу бойынша жағдай әзірге нақтыланбады. Олар да осы іс аясында күдікке ілінген еді.
Еске сала кетейік, биыл ақпан айында Қамшыбек Тәшиев Қырғызстан ҰҚК төрағасы қызметінен босатылған болатын. Оның өзі бұл шешімді күтпегенін айтқан. Ал ел президенті Қамшыбек Тәшиевтің мемлекеттік қызметке енді ешқашан оралмайтынын мәлімдеді.
Жақында Жогорку Кеңеш депутаты Эльвира Сурабалдиева сұхбатында Қамшыбек Тәшиевтің қызметтен мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетін ұйымдастырғаны үшін босатылғанын айтқан.
Ал Садыр Жапаров Тәшиевпен дос болып қалатынын мәлімдеген еді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық