«Қазақстан барысы» қазақ күресін өткізуге бөлінген қаржы тексеріліп жатыр

cover

Қаржы мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу аясында «Қазақстан барысы» қазақ күресінен турнир өткізуге бөлінген 1,075 млрд теңге бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығын тексеріп жатыр.

Агенттік мәліметі бойынша, басшылардан, мердігер өкілдерінен жауап алу, тінту және құжаттарды алуды қамтитын тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар