Қаржы пирамидасының басшысы Украинадан экстрадицияланды
Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деп айыпталған күдікті Астанадағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Украина Бас прокуратурасы Қазақстан Бас прокуратурасының сұранысымен қаржы пирамидасы қызметін ұйымдастырғаны және оны басқарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматы «К»-ны экстрадициялау туралы өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
«Тергеу барысында аталған тұлғаның 2017-2018 жылдар аралығында тұрғын үй алуға көмектесемін деп алаяқтық жолмен Қазақстан азаматтарының 85 миллион теңгеден астам қаражатын иемденгені анықталды. Қылмыс жасағаннан кейін азамат «К» қылмыстық қудалау органдарынан қашып кетіп, оған халықаралық іздеу жарияланған» делінген хабарламада.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында күдіктіні осы елдің құқық қорғау органдары Украина аумағында ұстаған болатын.
«Бүгінде ҚР Бас прокуратурасы мен Интерпол қызметкерлері шетелдік серіктестердің көмегімен «К» есімді азаматты елімізге экстрадициялады. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды» деп хабарланды ведомстводан.
Бас прокуратура мұндай қылмыстар үшін 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын да еске салды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық