Қарақат Әбден шетелдіктерге неке салығын енгізуді ұсынды
Сурет: Хабар арнасынан
Президенттікке кандидат осылайша этникалық қазақтардың шетелге кетуін азайтуға болады деп санайды.
Кешегі пікірталас барысында сайлауға түскен екі ханым ерекшеленді. Ерлер негізінен өз уәделеріне тоқталса, Қарақат Әбден мен Салтанат Тұрсынбекова мәселені ретке келтіру мүмкіндігін басқа бағытта ұсынды.
Әбден қарсыласына өкпесін айта келе:
— Сіздер өз сөздеріңізде мені президенттікке кандидат болуға лайықсыз деп айттыңыздар. Қажыкеннің сексистік ұстанымдарын қолдайтын сияқтысыз. Солай ма? - деді.
Салтанат Тұрсынбекова заңгер екенін еке салып, егер адам құқығын қорғамаса, бұзбайтынына сенімді екенін айтты.
— Әрине, сіз ұлттық тағамдарды дайындауды білесіз, бірақ бірқатар мәселелерді түсінбейсіз. Ал мен кәсіби құқық қорғаушымын, сіздің сұрақтарыңыз негізінен орынсыз. Мен сіздің сөздеріңізді түсінбеймін. Атқа мінесіз, дала кезесіз, құрт пісіресіз. Одан да дағдарыс орталықтарын аралап, әйелдерге бірге көмектесейік, - деді Салтанат Тұрсынбекова.
Жүргізуші ережелерді еске түсіріп, үміткерлердің қысқаша диалогын қорытындылады:
— Әйелдер арасындағы интеллектуалды пікірталасты тыңдау жақсы, - деп түйіндеді жүргізуші.
Келесі кезеңдердің бірінде Қарақат Әбден тағы да назар аудартты. Одан шымкенттік сайлауға қатысушы қазақ қыздары мен шетелдіктердің некеге тұруына деген көзқарасын сұрады.
— Бұл өте маңызды мәселе. Дәл осындай сұрақ маған Қызылорда облысында да қойылды. Қыз сезімі бар адамға тұрмысқа шықса, не айтамын – бақытты болсын. Бірақ есеппен үйленетіндер бар. Біз бұған салт-дәстүрді сақтау тұрғысынан қарауымыз керек. Қыздар – біздің құндылығымыз. «Қазақ қызы – ұлттың бойтұмары» деген сөз бар. Шетелдік азаматқа тұрмысқа шыққысы келетіндерге қомақты салық салуды ұсынамын. Сонда қыздар мен олардың ата-аналары ойланатын шығар, - деп жауап берді Әбден.
Пікірталас кеше кешкісін «Хабар» телеарнасында тікелей эфирде көрсетілді. Ұзақтығы 1 сағат 39 минутқа созылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық