Қарағанды колониясында күйеуімен кездесуге барған әйел босанып қалды
Сурет: polisia.kz
Ол босанар алдында күйеуін көруге келген екен.
— Күйеуім екеуміз 2019 жылы таныстық. Мен онымен қысқа кездесуге келдім, мұнда біз некемізді тіркеуге дайындалғанбыз. Бұл бала менің де, күйеуімнің де тұңғышымыз. Бала дүниеге келген соң көпке дейін кездесе алмаймыз, сондықтан көріп кетуге келген едім. Барлығы мен ойлағандай өтеді деп үміттендім. Қатты толқып кеткен болармын, - деді әйел.
Алғаш әке атанайын деп отырған азамат колония қызметкерлеріне алғысын білдірді, деп жазады Polisia.kz.
— Кездесу алдында Аня екеуміз таксофон арқылы хабарластық. Ол кездесуге келуге тәуекел етпеу үшін мен оны кездесуден бас тартқызуға тырыстым. Өйткені, бұл біздің тұңғыш сәбиіміз, ол екеуміз үшін де өте маңызды. Мен қазірдің өзінде 48 жастамын, ал ол 37-де. Мен ұрлық үшін 5 рет сотталғанмын. Әйелімнің бала көтеріп жүргенін білгенде, қатты қуандым. Кездесуде біз тек сөйлесіп, құшақтасып үлгердік, өйткені оның бірден мерзімінен бұрын толғағы басталды. Мен мекеме қызметкерлерін шақырдым, олар жедел жәрдем шақырып, әйеліме көмектесті, сол үшін үлкен алғысымды білдіремін! - деді темір тордың ар жағындағы әке.
Дәрігерлер келгенге дейін колония қызметкерлері босанған әйелге психологиялық көмек көрсетпек болған. Көп ұзамай әйел аман-есен дүниеге сәби әкелгені белгілі болды, оның есімін Арсений деп қойды.
— Біз мұндай жағдайға бірінші рет тап болдық, бірақ бәрі жақсы аяқталғанына өте қуаныштымыз. Мекеме қызметкерлерінің жүкті әйелге дер кезінде көрсетілген көмекгі сәтті нәтижеге әкелді, - дейді № 29 мекеме басшысының орынбасары Елена Еремеева.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық