Пышақтап, мәйітін өртеп жіберді: Өз анасын өлтірген шымкенттік жазадан босатылды
Фото: Скриншот Otyrar.kz
Шымкентте анасын аса қатыгездікпен өлтірген 31 жастағы Дархан Жолдыбаевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Шымкент қалалық сотының мәліметіне қарасақ, айыпталушы психикалық аурумен ауырған. Ол 54 жастағы мүгедек анасын ұйықтап жатқан кезде бірнеше жеріне пышақ сұғып өлтірді.
Ресми деректерге қарасақ, 2025 жылдың қаңтар айында психикалық аурумен ауыратын сотталушы анасының бала кезінде ұрысқаны және нағашыларының қолына қалдырып кеткені есіне түсіп, кек алмақ болған. Ұйықтап жатқан анасына бірнеше рет пышақ сұғып, оны қасақана өлтірген.
Айыпталушының өзі сотқа қатысқан жоқ. Қазір Алматыдағы арнайы мекемеде ем алып жатыр.
Марқұмның туыстарының айтуынша, үйдегілердің бәрі Дархан Жолдыбаевтан қорқатын. Ол — психиатриялық ауруханада тіркеуде тұрған, бірнеше рет медициналық көмек алған, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған адам.
Сот-психиатриялық сараптамасы Жолдыбаевтың шизофрениямен ауыратынын анықтады. Алайда марқұмның туыстары оның шын мәнінде ауыр дертке шалдықпағанын, түрмеден құтылу үшін медициналық құжаттарды пайдаланып жүргенін айтып отыр.
Прокурор оны кісі өлтірді деп танып, бірақ қылмыстық жауапкершіліктен босатып, мәжбүрлі емдеуге жіберуді талап етті.
Судья Әбінұр Қарабаевтың түсіндіруінше, іс айыптау актісі бойынша емес, медициналық сипаттағы шараларды қолдану тәртібімен қаралды.
Ақыры сот Жолдыбаевты кісі өлтірді деп таныды, алайда оны түрмеге қамауға шешім шығармады. Айыпталушыға арнайы психиатриялық стационарда қатаң бақылаумен мәжбүрлі емдеу шарасы тағайындалды.
Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, Orda.kz Шымкентте ер адам бұрынғы әйелінің тамағына пышақ сұғып, жұлынына зақым келтіргені жайлы жазған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық