Тамағына пышақ сұқты: Шымкентте ер адам бұрынғы әйелін өлтірмек болды
Фото: Instagram/ mammolog_bubeeva
Шымкентте ер адам бұрынғы әйелінің тамағына пышақ сұғып, жұлынына зақым келтірді, деп хабарлайды Orda.kz
Шымкентте ер адам бұрынғы әйелі - 33 жастағы Ақмаралға пышақ ұстап шабуыл жасаған. Болған оқиға жайлы адвокат Жанна Оразбақова хабарлады. Күйеуі оның тамағын кесіп, жұлынға зақым келтірді. Әйел аман қалғанымен, енді жүре алмайды.
«Жақында Шымкентте ер адам бұрынғы әйелі, 4 баласының анасын аңдыды, оның тамағына пышақ сұқты. Ол аман қалды, бірақ Ақмаралдың жұлынына зақым тиді. Демек, ол ешқашан жүре алмауы мүмкін!» деп жазды Жанна Оразбақова.
Жәбірленуші әйелдің сіңлісі Мәншүк Бубеева алғашында іс қозғалмағанын айтты. Оның сөзінше, бұрынғы күйеуі тек зорлық көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар пышақ сұғып жарақаттап, бүкіл отбасын қорқытқан.
«Алдымен өзім шешемін деп ойладым. Бірақ іс қозғала қойған жоқ, мен адвокат жалдағаннан кейін ғана іс жүрді. Сол кезде ғана әпкемнің күйеуіне іздеу салынды. Бірақ ол өз тамырын кескен еді. Кінәсін мойындамайды, «Иә, ұрдым, бірақ пышақ сұғып жарақаттаған жоқпын, ол өзі құлады» дейді. Ол оны қорқытып, «өлтіремін» деген хабарламалар жазды. Біздің ата-анамызға да қоңырау шалып, оларды өлтіретінін айтты. Әкеміз 102-ге қоңырау шалып, арыз жазды, бірақ олар ештеңе істемеді. Полиция қызметкерлерінің немқұрайлығы осындай жағдайға әкелді. Құдайға шүкір, ата-анамызға зиян тигізбеді», — деді Мәншүк
Зорлық-зомбылықтан бөлек, бұрынғы күйеуі әйелінің банк карталарын, құжаттарын және жеке заттарын ұрлаған.
«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс департамент басшылығының бақылауында», деп хабарлады полиция «Орда» редакциясының арнайы сауалына.
Еске сала кетейік, Қызылорда облысының Тасбөгет кентінде ер адам ауруханада әйелін соққыға жығып, қабырғасын сындырған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық