«Путин келмейді»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөздер бүгін өтеді
Фото: Istockphoto.com
Бүгін, 16 мамырда Стамбұлдағы ресейлік делегация көліссөз жүргізу үшін украиндық тарапты күтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединский айтты. Ал президент Владимир Зеленский Түркияға қорғаныс министрі Рүстем Умеров бастаған делегацияны жібергенін мәлімдеді. Зеленский мәмілегерлерді Дональд Трамп пен Режеп Тайип Ердоғанды құрметтегендіктен аттандырғанын айтты.
Сондай-ақ келіссөзге Путин де, Трамп та, тіпті Түркияға арнайы барған Украина президенті Владимир Зеленский де қатыспайтын болды. Ердоған ұсынған алаңға әр елдің өкілі ретінде көмекшілер мен министрлер келді.
Украина басшысы Путин келмесе, келіссөзге қатысудың қажеті жоқ екенін айтты.
Айта кетері, бүгінгі келіссөздерге АҚШ делегациясы қатыспайды. Мемлекеттік хатшы Марко Рубио Ресей Түркияға төмен деңгейдегі өкілдерін жібергенін алға тартты. Парсы шығанағындағы араб елдерінде сапарда жүрген Ақ үй басшысы Дональд Трамп бұл келіссөзден нәтиже күтпейтінін мәлімдеді.
Айта кетейік, Путин 15 мамырда Стамбұлда Киевпен тікелей келіссөздер жүргізуді ұсынған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық