Путин 15 мамырда Стамбұлда Киевпен тікелей келіссөздер жүргізуді ұсынды
Фото: бейнеден скриншот
Ресей Президенті Владимир Путин Украинамен тікелей келіссөздерге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Ресей президенті жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралардан кейін 11 мамыр күні кешке Кремльде журналистермен өткен кездесуде жария етті.
«Келер бейсенбіде, 15 мамырда Стамбұлда, сол бұрын кездесу өтіп, үзілген жерде кідіріссіз бастауды ұсынамыз», - деді Путин.
Оның айтуынша, ұсыныс «ешқандай алдын ала шартсыз» бітімге қатысты. Сондай-ақ, ол Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен келіссөздерді ұйымдастыру мәселесін 11 мамыр күні күндіз немесе кешке талқылауды жоспарлап отырғанын хабарлады.
«Осы келіссөздер барысында жаңадан оқ атуды тоқтату туралы келісімге келуге болатынын жоққа шығармаймыз», - деді ол.
Ал кеше Украина президенті Владимир Зеленский өзінің телеграм-арнасында Франция, Германия, Польша, Ұлыбритания көшбасшыларының Киевтегі халықаралық кездесуінің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемесін жариялады. Бұл келіссөздер «ниет білдірушілер коалициясы» аясында өтті.
Тараптар «дипломатия үшін кеңістік құру» үшін дүйсенбі, 12 мамырдан бастап кемінде 30 тәулікке оқ атуды толық және сөзсіз тоқтатуды жақтады.
Ұсынылған татуласу құрлықты, әуе кеңістігі мен теңізді де, бәрін қамтитын болуы тиіс.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық