«Пшөн далада қалды»: Атыраулық шебер жанайқайын жеткізді
Коллаж: инстаграм/abdulla_kz_kz
Атыраулық шебер су тасқыны кезінде бөгет тұрғызуға көмектескен Пшөн есімді иттің темірден жасалған мүсіні керексіз болып қалғанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы ақпарат инстаграм желісіндегі abdulla_kz_kz парақшасында тарады. Су тасқыны кезінде көпшілікке көмектескен итті атып тастаған еді. Сол оқиғадан кейін Азамат Кенжеғалиев есімді темірден мүсін жасайтын шебер Пшөннің мүсінін жасауға кірісті.
«Пшөннің атылуы көптің жанын жаралады. Мен де оның есімі ел есінде қалғанын қаладым. Солайша, өзімде тұрған жүрекше темірлерді пайдаланып, иттің мүсінін жасауға кірістім», - деп жауап берді Азамат Кенжеғалиев.
Шебер Пшөннің естелік мүсінін бір ай ішінде жасап шыққан. Басында Азамат мырзаның ниетіне қолдау білдіргендер көп болған. Қазір дайын болған туындыға ешкім қызығушылық танытып отырған жоқ екен.
«Әкімдіктегі таныс-білістеріме мүсіннің дайын болғанын айтқан едім. Көбі «итке арнап ескерткіш қою ерсі» деді. Мен оларға ескерткіш қылып қой деп жатқан жоқпын. Соны түсінсеңіздер. Ескерткіш - тарихи шынайы оқиғаға, тұлғаға арналатын, ресми ұғымды білдіретін мәнге ие дүние. Ал Пшөннің мүсіні жай естелік мақсатында жасалған шығармашылық туынды. Оны ескерткішпен шатастырмаңыздар», - дейді шебер.
Азамат Кенжеғалиев Пшөннің мүсіні қаладағы жарығы бар, ел-жұрт назарына ілігетін жерге қойылғанын қалайды.
«Көрген адам батыстықтардың жанын жаралаған, былтыр болған су тасқынын еске алып отырса жетеді. Ақшаның да, құрметтің де керегі жоқ. Тек еңбегім далада қалмаса екен деймін», - деді шебер.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық