«Бақыттың тағдыры шешілді»: Шерзаттың әпкесі елде қала ма?
Фото: Видеодан алынған кадр
Шерзат Болаттың әпкесі Бақыт Рейімова елде қалатын болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы оның адвокаты Мейірман Шәкеев мәлімдеді. Қаржаубайдың туысы Бақыт Рейімова «митингке шақырды» деген айыппен 15 күнге қамалған еді. Өзге ел азаматы болғандықтан ол Қазақстаннан депортациялануы керек болған. Бақыт Реймова елден шығарылса, оның кәмелетке толмаған баласы Мейірбек Рейімов асыраушысыз қалуы мүмкін екенін жазғанбыз.
«Қазақстан Республикасының бас прокуратурасы, парламент депуттары, БҰҰ, балалар құқықтары жөніндегі уәкілі, адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы арқылы түсірген өтінішхаттарымыз облыс прокуратурасымен назарға алынып, Бақыт Рейімоваға қатысты Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберумен байланысты емес жаза қолдану үшін, Қазақстан Республикасы жоғарғы сотына кассациялық наразылық келтіру туралы Қазақстан Республикасының бас прокуратурасына ұсыныс жолданды. Енді прокуратураның наразылығын шегелеуі ғана қалды», - деді Бақыттың адвокаты.
Бақыт Рейімова қазақ еліне алғыс айтты.
«Бірінші Аллаға ризамын. Халқыма рақмет! Қаншама кісілер дұғада болды. Адвокатыма рақмет», - деді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық