Прокурор Айзат Жұманованы өлтірген күйеуін 15 жылға соттауды сұрады
Фото: әлеуметтік желіден
Былтыр шілдеде Жетісу облысының Баласаз ауылында 32 жастағы Айзат Жұманова ауыр соққы мен азаптау салдарынан көз жұмды. Талдықорған сотында марқұм келіншектің өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Прокурор Айзат Жұманованың өлтірген күйеуі Айбар Жанболатты 15 жылға соттауды сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
Тергеу деректеріне сәйкес, 33 жастағы ер адам мас кезінде үйінің маңында әйелін ұрып-соғып, тепкілеген. Ер адам Айзат есінен танып қалса да, тепкілей берген. Кейін, Айбар Жанболат қан жоса болған әйелін ауруханаға өзі алып барады.
Сот отырысында куәгерлердің айғағы мен айыпталушының кінәсін растайтын сараптама қорытындылары ұсынылды. Сот-медициналық сарапшылар жарақаттардың өмірге қауіп төндіргенін мәлімдеді. Осылайша Айбар Жанболатқа «Адам өлтіру» бабы бойынша айып тағылды. Қазір сот процесі жалғасып жатыр.
Еске салсақ, 32 жастағы Айзат Жұманованың қатыгездікпен өлтіру қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Бастапқыда бұл іс «абайсызда өлімге әкелген денсаулыққа ауыр зиян келтіру» бабы бойынша тергелген
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық