Аттың жалына байлап сүйреген Айзаттың өлімін тергеу «кездейсоқ жағдай» деп атады
Фото: әлеуметтік желілерден
32 жастағы Айзат Жұманованың қатыгездікпен өлтірілуі қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Бастапқыда бұл іс «абайсызда өлімге әкелген денсаулыққа ауыр зиян келтіру» бабы бойынша тергелген, деп хабарлайды Orda.kz.
Маусым айында Айзат ауыр соққының іздерімен табылған. Тергеу дерегі бойынша, оны ауруханаға күйеуі өзі жеткізген. Дәрігерлер әйелдің өмірі үшін күрескенімен, ол жарты сағаттан соң көз жұмған.
«Қасақана өлтіру ниеті болмаған, себебі күйеуі өзі ауруханаға жеткізген», – деп мәлімдеді алғашқы кезде полиция.
Алайда суреттер мен куәгерлердің сөзінше, Айзаттың денесіндегі жарақаттар кездейсоқ жарақаттарға мүлде ұқсамаған. Оны ұзақ уақыт және аса қатігездікпен ұрған.
Марқұмның ата-анасы Талдықорғандағы алғашқы сараптама қорытындысына сенбей, эксгумация жүргізуді талап етті. Кейін Алматыда қайта сот-медициналық сараптама жасалып, дәл осы зерттеу істің бағытын түбегейлі өзгертті.
Сарапшыларға нақты сұрақтар қойылды.
«Жарақаттар, шамамен, доғал затпен салынған. Соққылардың сипаты жүйелі түрде ұрып-соғылғанын көрсетеді, бұл бір реттік қақтығыс емес. Денесінде көптеген көгерулер, сынықтар және жаралар бар. Жерге сүйрелген іздер анықталмады. Көмек бір-екі сағат бұрын көрсетілген күннің өзінде де, мұндай жарақаттармен Айзаттың тірі қалуы мүмкін болмас еді».
Осы қорытындылардан кейін тергеу «абайсыздық» және «аффект жағдайында жасалған әрекет» нұсқасын жоққа шығарып, істі ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша қайта саралады.
«Қызымды бірден әкелгенде, мүмкін тірі қалар ма еді... Бірақ оны ес-түссіз күйде жеткізді. Сонда да бәрін «кездейсоқ жағдай» деп келді», – дейді Айзаттың анасы.
Қазір ол қызының қасіретіне үнсіз куә болған адамдардың да жауапқа тартылуын талап етіп отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жетісу облысында әкімдікке үміткер болған ер адам әйелін азаптап өлтірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық