Президент Тоқтар Әубәкіровті 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Фото: Үкімет
Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектенов мемлекет басшысының атынан қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы, авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіровті 80 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Orda.kz.
Президент өз құттықтауында қазақтың тұңғыш ғарышкерінің еңбек жолындағы жарқын белестеріне тоқталып, халық оны әйгілі ғарышкер, көрнекті қоғам қайраткері, отансүйгіш азамат ретінде айрықша қадірлейтінін атап өтіпті.
«Сіздің еңбек жолыңыз жарқын белестерден тұрады. Біраз жыл кәсіби ұшқыш болып, жаңа әскери ұшақтарды сынақтан өткізіп, ерен ерліктің үлгісін көрсете білдіңіз. Сіз зеңгір көкке көтерілген қазақтың тұңғыш ғарышкері атандыңыз. Еліміздің әлем алдындағы мәртебесін арттыруға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, ұлттық аэроғарыш, қорғаныс өнеркәсібі салаларының дамытуына қосқан үлесіңіз өте мол. Парламент мәжілісінің депутаты болған кезіңізде терең біліміңіз бен өмірлік тәжірибеңізді отандық заңнаманы жетілдіру ісіне арнадыңыз. Алдағы кезеңде еселі еңбегіңіздің жемісін көріп, ел-жұрттың сый-құрметіне бөлене беруіңізге тілектестігімді білдіремін. Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке тілеймін» деп жазылған президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатында.
Премьер-министр 1 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енгенін атап өтті. Аталған құжат Әділетті мемлекет құру тұжырымдамасын бекітіп, еліміздің одан әрі даму бағдарын айқындайды.
«Бүгінде президентіміздің «Әділетті Қазақстан» бастамасына әрдайым қолдау білдіріп, жаңа Конституцияда айқындалған ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру ісіне де аянбай атсалысып жүрсіз. Өйткені, отаншылдық, әділдік, заң мен тәртіп, ерлік пен еңбекқорлық сияқты асыл қасиеттерді жастардың бойына сіңіруде Алаш жұртының адал перзенті, халқымыздың хас батыры ретінде Сіздің алатын орныңыз ерекше»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.
Салтанатты іс-шараға аэроғарыш саласының, Қарулы күштер мен Генералдар кеңесінің өкілдері, сондай-ақ отандық және шетелдік ғарышкер-ұшқыштар, сынақшы-ұшқыштар, инженерлер мен конструкторлар қатысты.
Жиынға қатысушылар алдында сөз сөйлеген премьер-министр ғарыш саласының Қазақстанның технологиялық дамуына қосып отырған маңызды үлесін атап өтті.
Елімізде ұлттық спутниктік байланыс және Жерді қашықтан зондтау жүйелері жұмыс істейді, ауыл шаруашылығы, экология және өзге де салалардың қажеттілігі үшін деректерді өңдеу жүйесі жетілдірілуде, сонымен қатар деректерді өңдеу мүмкіндіктері кеңейтіліп, шалғайдағы елді мекендердің интернетке қолжетімділігі артып келеді.
Сондай-ақ Байқоңыр ғарыш айлағынан «Сұңқар» зымыран-тасығышының сәтті сынақтық ұшырылуы отандық ғарыш саласының дамуындағы жаңа кезеңнің басталуына жол ашқаны ерекше атап өтілді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық