Президент қабылдауында болған Алматы әкімі не айтты?
Президент Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі баяндамасымен таныстырған қала әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Қала әкімінің айтуынша, 2025 жылы Алматының қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіші 12,8%-ға дейін жеделдеп, бюджетке түскен салық түсімдері 6,6 трлн теңгеге жетіпті. Алматы экономикасы 12,8%-ға өсті деген әкім полицентрлі даму және тау кластері жоспарын таныстырды.
Әкім негізгі бастамалар қатарында жаңа IT-кластерлерді, іскерлік және рекреациялық аймақтарды құруды көздейтін полицентрлі даму моделіне көшуді ұсынды. Мәдени астанамыздың алдағы күндерінде жасыл желек алқаптары аумағын үш есеге — 3 800 гектарға дейін — ұлғайту, сондай-ақ жылдам қоғамдық көлікке басымдық беретін заманауи көлік қаңқасын қалыптастыру жоспарланып отыр.
Сондай-ақ Алматы тау кластері жобасына ерекше назар аударылғандығы айтылды. Бұл жоба «Шымбұлақ» пен «Ой-Қарағай» курорттарын біріктіреді. Жобаны іске асыру нәтижесінде аспалы жолдардың саны 16-дан 62-ге дейін артып, тау шаңғысы трассаларының жалпы ұзындығы 250 шақырымға дейін жетеді деген жоспар бар.
Кездесу соңында президент Алматы қаласының экономикасын одан әрі әртараптандыру, экологиялық жағдайын жақсарту, қаланың орнықты көлік және туристік инфрақұрылымын қалыптастыру, сондай-ақ қала ортасының сапасы мен тұрғындардың тұрмыс деңгейін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Қайын жұртын түгелдей қырып тастаған күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
- Айыппұлға ашуланған екі жігіт көшедегі камераларды қиратқан
- АҚШ пен Еуропада миллиондаған адам Трампқа қарсы наразылыққа шықты
- Алматыда LRT құрылысы үшін 270 жер учаскесі алынады
- Алматы полициясы әйелдерін «сыйға тарта салатын» имамды жазалады
- Ұлыбританияға жұмысқа орналастырамын деп 80 адамның 40 миллион теңгесін қағып алған
- АҚШ Таяу Шығысқа 3 мыңнан астам теңіз жаяу әскерінің келгенін хабарлады
- Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан «астық дағдарысы» болуы мүмкін
- Көлік салығына байланысты кімдердің шоттары бұғатталады?
- ТЖМ Қазақстанның бірнеше өңірінің тұрғындарына ескерту жасады
- Трансгендерлердің Олимпиадаға қатысуына тыйым салынды
- «Жер сағаты» акциясы: Қазақстан бір сағатқа жарықты сөндіреді
- Алматы құрылыс бақылау басқармасы заңсыз лицензия таратқан: қылмыстық схема әшкере болды
- БАҚ: Украина әскери қимылдарға арналған қаражат тапшылығына ұшырады
- «Халық заңгері»: дипфейктер Қаржылық мониторинг агенттігіне де қол салды
- Түркістан облысында сталкинг бойынша алты іс сотқа жолданды
- Ресейдегі жаппай төбелеске қатысқан қазақстандықтардың жағдайы туралы СІМ мәлімдеді
- Ресейдің Усть-Луга портында төбелеске қатысы жоқ қазақстандық жұмысшыларды да күшпен ұстап жатыр
- Ақтөбеде мемлекетке 672 миллион теңге шығын келтірген екі депутат пен шенеунік сотталды
- Марко Рубио: Зеленскийдің АҚШ кепілдік үшін аумақ сұрады деген сөзі жалған