Президент едегі жарылысқа байланысты Катар Әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады

cover Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге көңіл айтты, деп хабарлайды Orda.kz.       

Мемлекет басшысы Рас-Лаффан өнеркәсіптік орталығында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның жарақат алуына және із-түзсіз жоғалуына байланысты Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге көңіл айтты.

«Осындай қиын сәтте Қатарға тілектеспіз және адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстарына қолдау білдіреміз»  деп жазылған жеделхатта.

Естеріңізге сала кетейік, 21 маусым күні кешке Катардың солтүстігіндегі Рас-Лаффан өнеркәсіптік аймағында сұйытылған табиғи газ өндіретін әлемдегі ең ірі кешен нысандарының бірінде жарылыс болған болатын.

Алдын ала мәліметтер бойынша, елдің ішкі нарығын газбен қамтамасыз ететін Barzan объектісін қайта іске қосу операциялары кезіндегі техникалық ақау себеп болған. Катар билігі халық үшін қауіп-қатер мен қауіпті заттардың шығуы тіркелмегенін хабарлады.

Қолда бар ақпарат бойынша 13 адам қаза тауып, 66 адам жарақат алған.

Катар энергетика министрі Саад әл-Кааби дүйсенбі күні Ras Laffan LNG кешеніндегі төтенше жағдай «техникалық ақау» салдарынан болғанын айтып, «дұшпандық әрекет» нұсқасын жоққа шығарды. Ол сондай-ақ оқиға елден сұйытылған табиғи газ экспортына әсер етпейтінін атап өтті.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар