Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі жаңарды
Фото: ҚР Үкіметі
Ғиззат Байтұрсынов Қазақстан Республикасының жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Тиісті қаулыны Қазақстан Үкіметі қабылдады. Ғиззат Байтұрсынов 1994 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Ол Малайзиядағы Азия-Тынық мұхиты технологиялар және инновациялар университетін, сондай-ақ Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы тәмамдаған.
Еңбек жолын IT саласында және мемлекеттік сатып алулар бағытында бастаған. 2019–2022 жылдары ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрамында қызмет атқарып, сарапшыдан электроника саласын дамыту басқармасының басшысына дейін көтерілді.
2022–2024 жылдары электронды өнеркәсіпті дамыту және цифрлық активтер индустриясы департаменті құрылымдық бөлімшелерін басқарды.
2024–2026 жылдары Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы болды. Ал 2026 жылдың наурыз айынан бастап осы тағайындауға дейін Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитетінің төрағасы қызметін атқарған.
Осыған дейін аталған қызметті атқарған Дмитрий Мун лауазымынан босатылды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Қытай АҚШ-тың 56 компаниясына қарсы сауда шектеулерін енгізді
- Әлеуметтік желідегі жазбалар мен пікірлер үшін Қазақстанда айыппұл мен түрме жазасы қарастырылған
- Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі жаңарды
- Президент елдегі жарылысқа байланысты Катар Әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады
- Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапары барысында отандастармен кездесті
- Әл-Фарабидегі апат: Сот Пакты 10 жылға бас бостандығынан айырды
- Bloomberg — Ормуз бұғазы арқылы өтетін Иран мұнайы экспорты ең жоғары деңгейге жетті
- Ақтөбе облысында 102 адам мейрамханадағы астан уланып, ауруханаға түсті
- Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қызметінен кетті
- Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер қызметінен кететінін мәлімдеді
- Пак сотта соңғы сөзін айтты: «Саяси ықпалды тұлғаға қатысым жоқ»
- «Ақша үшін емес»: Томиристің анасы Пакты не үшін кешіргенін айтса, әкесі 100 млн теңге талап етті
- Кедендік рәсімдерді жеделдету үшін заңсыз делдалдық қызмет көрсететіндер ұсталды
- 368 млн теңгенің плиткасы: Павлодарда скверді жөндеу сметасынан күмәнді шығын шықты
- ІІМ дрон операторларын оқытып, әуеден әрекет етуге дайындайды
- Әл-Фарабидегі апат: Прокурор Пакқа 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Ақмола облысында 221 млн теңге табысқа кенелген заңсыз вейп саудасы тоқтатылды
- Нұрлан Өнербаевтың анасы дүниеден озды
- Қатарда зауытта жарылыс болып, 50-ден астам адам зардап шегіп,18 жұмысшы жоғалып кеткен
- Екі күнде 19 медаль: Еліміздің спортшылары халықаралық аренада шеберлігін дәлелдеді