Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан әкімін қабылдады
Ақорда
Мемлекет басшысы коронавирусқа қарсы екпе жасалған жағдайда ғана азаматтар бір-біріне қауіп төндірмейтінін атап өтті.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Әкім елордадағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру және вакцинациялау шаралары туралы баяндады.
– Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтар коронавирусқа қарсы екпені тезірек алған жағдайда ғана қоғамдық орындарда бір-біріне қауіп төндірмейтінін, бизнес жандана түсетінін, қызметкерлердің жұмыс орындарына алаңдамай баруына және халықтың қалыпты өмірге қайта оралуына толық мүмкіндік болатынын айтты, - делінген хабарламада.
Президент елорда әкіміне:
- азаматтарға уақтылы және жаппай вакцинация жасауды ұйымдастыруды
- эпидемиологиялық жағдайды бақылауды
- тұрғындардың денсаулығын қорғаудың басқа шараларын қабылдауды тапсырды.
Алтай Көлгінов сонымен қатар үш ауысымды мектептер мәселесін, жаңа білім беру мекемелерін салу және кезекте тұрған азаматтарды қол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету арқылы шешу туралы айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Алтай Көлгіновке қаланы газдандыру, инвестиция тарту, жұмыспен қамтудың жол картасын тиімді жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша тапсырмалар берді.
Жаңалықтар
- АҚШ-та ЖИ арқылы қатерлі ісікті анықтау жүйесін әзірлеген қазақ баласы марапатталды
- Алматыда «Абай ұлттық мектебі» жаңа кампусы таныстырылды
- Елімізде жусаннан болатын аллергияға қарсы дәрі жасалды
- Алматыда қаланың бас жоспары мен тұрғындар мүддесі сай келмей жатыр
- ДДСҰ Африка елдеріндегі эбола індетін халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп жариялады
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай құттықтау хаттары толассыз түсіп жатыр
- Алматы индустриялық аймағында жаңа жұмыс орындары ашылды
- ШҚО-да «Ғасырлық дәстүрлер» фестивалінде екі әлемдік рекорд тіркелді
- Maxi шай курьерлері жалақының төмендігі мен басшылық қысымы туралы мәлімдеді
- Елімізде жасанды жаңбыр жаудыру қолға алынады
- Украинада әскери тұтқын мәртебесі бар 12 қазақстандық отыр
- Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
- Түркістанда жаңа Яссауи ғылыми-зерттеу институтының капсуласы салынды
- Сұраныс өскен сауда көзі: Mercedes-Benz әскери техника өндірісін бастауы мүмкін
- Астанадағы LRT жүйесінің екінші желісі Қосшыға дейін тартылады
- Президенттің «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру» туралы жаңа Жарлығы күшіне енді
- Президент Astana LRT жұмысын іске қосты
- Африкада Эбола вирусы өршіп, 80 адам қаза болды
- Си Цзиньпиннің шақыруымен Владимир Путин 19–20 мамыр күндері Қытайға ресми сапармен барады
- Қазақстанда Түріктің барлау жүргізіп, соққы жасайтын «ANKA» дрондары жасалады