Полиция жоғалып кеткен отбасының ісі бойынша атыраулық «хакерді» іздестіруде
Коллаж: Orda.kz
Атырау облысының полиция департаменті әлеуметтік желілерде өзін «хакер» ретінде таныстырып, Жангелдин ауылынан жоғалып кеткен отбасының мән-жайын өз бетінше анықтадым деп мәлімдеген адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Полицияның мәліметінше, аталған адамның SIM-карталарды, геолокацияны және қаржылық операцияларды талдадым деген ақпараты шындыққа сәйкес келмейді.
«Бұл мәліметтердің барлығы құқық қорғау органдары тарапынан әлеуметтік желілердегі жарияланымдар шықпай тұрып-ақ заңды жедел-іздестіру шаралары барысында анықталып, ресми бағдарлау (ориентировка) ретінде рәсімделген», деп хабарлады полиция.
Департамент өкілдері бұл адамның жаңа деректер таппағанын және өз бетінше техникалық талдау жүргізбегенін, тек тергеудің ресми материалдарымен сәйкес келетін ақпарат таратқанын атап өтті.
«Аталған тұлғаға қатысты бұған дейін алаяқтық деректері бойынша төрт қылмыстық іс тіркелген. Қазіргі уақытта бұл істер бойынша тергеу жалғасуда және оған іздеу жарияланған» деп жазылған полиция хабарламасында.
Ал «хакердің» өзі жарияланымдарында мемлекеттік жүйелерді бұзбағанын, тек ашық дереккөздерді, байланыс операторларының мәліметтерін және техникалық талдауды пайдаланғанын алға тартады.
Еске салсақ, Атырау облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кетіп, 2 айдан кейін денесі табылған ерлі-зайыптылардың жерлеу рәсімі бүгін, 8 қаңтар күні өтті.
Тақырыпқа сай ұсынамыз:
- Атырау облысындағы бір отбасы «дәрігер қабылдауынан» кейін түгелдей із-түзсіз жоғалып кетті
- Атыраудағы қанды қылмыс: Полиция «жоғалған» күйеу баланы ресми түрде іздеуге кірісті
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық