Питер Фостердің жұбайы оның Air Astana-дан не себепті кеткенін жария етті
Фото: instagram / tatyana.foster
Air Astana компаниясының бас директоры Питер Фостер 20 жылдық қызметінен кейін отставкаға кетеді. Татьяна Фостер компаниядан кетудің себебін ашып айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
7 қазанда Air Astana бас директоры Питер Фостердің жұбайы Татьяна Фостер әлеуметтік желіде оның алдағы қызметінен кететінін хабарлаған жазба жариялады. Өткен жылы жұбайы балаларымен Англияға көшкен еді. Жеке жазбасында жұбайы енді Питердің бар уақытын жақындарымен өткізуге ниетті екенін айтты.
«Жұрт өткен жылы біз балалармен бірге Англияға көшіп барғанымызды білген еді. Бұл шешім оған әке ретінде әрі компанияға жаңа кезеңге дайындық болатын. Ұлдарымызға — әке керек. Маған — жар. Ал оған «кестеде жоспарланбаған» аспан, теңіз, гольф керек. Сассекс графтығындағы достарымен аңшылыққа бару және таңертең балаларды мектепке апаратын қарапайым бақыт керек» деп жазды Татьяна.
Айта кетейік, «Эйр Астана» АҚ директорлар кеңесі Питер Фостер 2026 жылдың наурызының соңында бас атқарушы директор және директорлар кеңесінің мүшесі қызметтерінен кететінін мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық